Қоғамдық көлiктi пайдалану кезiндегі ережелер
Қоғамдық көлікті пайдалану кезінде жолаушыларға келесідей тыйым салынады:
1) Өз аты-жөнi жазылған жүру билетiн басқа адамға пайдалануы үшiн беруге;
2) Көлiкте шылым шегуге және салонның iшiн ластауға;
3) Спирт iшiмдiктерiн iшуге және қоғамдық тәртiптi бұзуға;
4) Көлiк iшiндегi есiк жанындағы тепкiшекте тұруға;
5) Қозғалыс кезiнде көлiктiң iшiне кiруге және шығуға;
6) Есiктердiң ашылуына және жабылуына кедергі келтіруіне;
7) Көлiктiң iшкi жабдықтарын бүлдiруге;
8) Жүктердi орындыққа қоюға және жарылу, жану қаупi бар, улайтын және адамның денесiн жыратын және кесетiн заттарды тиiсiнше дұрыстап орамайынша алып жүруге және қорапқа салынбаған қару-жарақтарды, көлемi 100х50х30 см-ден асатын үлкен жүктi, ұзындығы 190 см-ден асатын заттарды алып жүруге;
9) жүкті отыратын орынға қоюға;
10) Көлiк салонына лас киiмдермен кiруге;
11) Жүргiзушiнi алаңдатуға;
12) Жануарлармен кіруге;
13) Тамақпен кіруге тыйым салынады.
14) Жол жүру билетін сапардың соңына дейін сақтап, тексеріс болған жағдайда тексерушіге көрсету қажет.
Сонымен қатар әрқашан үлкен кісілер мен балалы аналарға орын ұсыну керек!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді оқы. мәтінге сүйеніп, дұрыс/бұрыс ақпаратты табыңдар
1.дұрыс
2.бұрыс
3.бұрыс
4.дұрыс
5.дұрыс