Елена-Семенова
?>

Эссе на тему ултык коленер мактанышып​

Казахский язык

Ответы

Любовь-Волков1205

ответ:Еліміз тәуелсіздік алғалы, халқымыздың қолөнері елеулі жетістіктерге жетіп отырғаны белгілі. Себебі, біз қазір ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастадық. Қолөнер – халқымыздың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тамырын тереңге жайып келе жатқан асыл мұрасы. Сол асыл мұраны он үш жасынан анасы Жібектен үйреніп, күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқанына Айнагүл Мырзахметқызы ризашылық білдіреді. Ол жастайынан анасына көмектесе жүріп, көрпе көктеп, іс тігіп, ою-өрнектің түр-түрін жасауға машықтанды.

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» деген халық даналығы бар. Әрине, қазіргі таңда баланы еңбекке баулудың бірден-бір жолы да осы ұлттық қолөнер. Ол адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қойған мақсатының айқындалуына әсер етері сөзсіз. Ата-бабаларымыз «Жігітке жеті өнер де аз» немесе «Аталық айтар ісің болсын» – деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамағы, ішетін сусыны, рухани байлығы ретінде бағалаған.

Объяснение:

Vasilii1891

Рай категориясы - модальдік (арай) категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі.[1]

Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория.

Мысалы: мен барайын; мен барайыншы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояйын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та қалармын; мен барсам етті; мен барып едім ғой; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен барған екенмін; менің барғым келеді, ...

тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ моральдік мән (реңк) бар.

Объяснение:

ShALIGINA

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.

Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі.

Ал амал дос тек өзіне қажет уақытта дос кейпін танытып, басыңа қиындық түскен кезде сені жалғыз қалдырып кетеді, тіпті "сатып" та кетіп жатады. Сондықтан дос таңдауда сақ болып, жаңылмауымыз керек.

Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халқымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Сондықтан, өміріміздегі адал достарымызды бағалап, ортамызға түсініспеушілік түсірмей, ешқашан достарымызды алдамай, керісінше достығымызды нығайта түсейік.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Эссе на тему ултык коленер мактанышып​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

gorbelena1971
yurogov61
petrovichvit2933
Marianna45
Adno1578
Ruzalina_Svetlana1435
Karlova1507
Чубкова1290
fedotochkin8
gunel1988alieva
Татьяна_Александра1114
ruslanchikagadzhanov
alexander4590
schumacher8
appmicom