Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі. Оған «Отан отбасынан басталады» деген сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасылық құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп,болашақта отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады.Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек.Қазіргі жахандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты.
Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек олай болмаған жағдайда яғни тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті екенін айтады. Осыдан келіп өз өмірлерін қажетсіз дүниелерге сап етіп жүрген адамдарды көруге болады.Бұл адамдардың озіндік мені,ішкі дүние танымы, өзіндік санасы қалыптаспаған. Осындай адамдарға (сен кімсің? өмірдегі орның қандай? болашақта кім боласың? - деген сұрақтарды қоятын болсаңыз «білеймін»деген жауап естисіз.Бұл деген аталған азаматтың өзіндік ойы, шешімі жоқ екенін дәлелдейді,және қоғамға етене араласып кете алмауының себебі де осы.
Жасыратыны жоқ қазіргі жаһандану заманында отбасылық құндылықтарды қалыптастыратын негізгі факторларды ғаламтор, ашық түрде көрсетілетін ақпарат, бұқаралық ақпарат құралдары алмастырған. Әрине бұл заманның талабы да шығар... Бірақ ғаламтардың зияны сол адамның санасын улап тастайды, әсіресе жас балалардың. Қазіргі уақытта тіпті бастауыш сыныптардың өзіне реферат жазуға беріледі,әрине үйінде ғаламторлары бар балалар ақпаратты соның ішінен іздейді,бірақ қандайда бір ақпаратты іздеп тапқанның өзінде, ашылған маниторды жан-жағынан басып кеткен уятты суреттер шыға келеді. Жоғарыда отырған әкімшілік осы мәселеге баса назар аударып осындай сайттардың шығуына тыйым салса екен дейміз. Өйткені қазіргі ақпараттандыру заманында бұл жағдай қоғам дамуына өте қауіпті. Бұл айтылған мәселелер қазіргі кезеңде әлеуметтік мәселеге айналып отыр.
Дегенмен де, біздің қоғамның азаматтарының бәрі бірдей өмірде өз орынын таба алмай жүр деуден аулақпын,қалай десек те отбасылық құндылықты қалыптастыратын ата-бабамыздың қанымен келген салт-дәстүріміз бар емес пе.Байқап қарасақ қазақ халқының салт дәстүрінің 90 пайызға жуығы отбасылық қарым-қатынастарды дәріптейтін дүниелерге арналған екен. Бұл деген қазақ халқының отбасылық бірлікті, татулықты қатаң сақтау арқылы ғана берекелі ел боламыз дегені. Мысалы, қой сойылғанның өзінде әр мүшесін келген қонаққа мүшелеп беруінің өзінде мән бар, асар жасау (көптің көмегі асар деген мақал осыдан қалған) бұлда бірліктің негізі. Жалпы айтқанда,адам өмірінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі жағдайы осы салт-дәстүрлерде ерекше мәнге толы. Мемлекеттің болашағы жастар. Әрбір өскелең ұрпақ осы жақсы қасиеттердің бәрін бойына сіңіріп, болашақты дұрыс болжай алатын саналы азаматтар болса нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттың сақталуы,елдің бірлігі – бойында патриоттық сезім ұялаған жастардың қолында екенін ұмытпайық
Объяснение:
Дурыс
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар2 – нұсқаБөлім «Жастықтың оты қайдасың?» «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» 1-тапсырмаМәтінді мұқият оқи отырып ойды жалғастырыңыз және оқиғаны дамытыңыз. Бауыржан бұрын Дзержинский көшесіндегі шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық кеңестен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық кеңестің қызметкері телефон соғып, «Сіздің өтінішіңіз орындалды. Келіп, кең пәтердің ордерін алыңыз», -дейді. Бауыржан барып, бес бөлмелі пәтердің ордерін алады. Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алдында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі. -Неге мұңайып тұрсыз, шешей? –дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына тоқтап. Әйел қалалық кеңестің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, ал соңына келіп бұның пәтеріне үш бөлмелі пәтерді қосып бір полковникке бергенін айтады. Бұны естіген Бауыржан әйелді ертіп қалалық кеңеске келіп, қалалық кеңестің қызметкеріне былай дейді2-тапсырмаСұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.№СұрақЖауап1Бауыржан кім?2Бауыржан қалалық кеңестен не сұрады?3Бауыржан ашуланды ма? Неге?4Мәтінге қандай атау бересіз?5Мәтін әдебиеттің қай жанрына сай?3-тапсырмаМәтінді оқы. Дұрыс нұсқаны белгіле. Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында еврей отбасында дүниеге келген. Алғаш рет Мюнхендегі католик шіркеуінде білім алған. Шіркеуде оған діни түсініктерді оқытса да, ғылыми кітаптарға қызығушылығы артып, ақыры ғылым жолына бет бұрған. Гимназияда оқып жүрген кезде Альберт қиын оқушылар қатарына жатқызылып, тәртібі жайлы мұғалімдер арасында көп сөз жүреді. Ол математика мен латын тілі пәнінен басқа сабақтарға дұрыс көңіл бөлмеген. Эйнштейннің басты еңбегі- «Салыстырмалылық теориясы». Сонымен қатар «Эйнштейн заңы» атанған фотохимия заңын анықтаған. Альберт Эйнштейн...ҒалымФилософАльберт Эйнштейн...отбасында дүниеге келгенАрабЕврейОл алғаш рет ... білім алғанМедреседеКатолик шіркеудеГимназияда оқып жүргенде...қиын оқушылар қатарына жатқызылғанүздік оқушылар қатарына жатқызылғанОл ... пәндерінен басқа сабақтарға көңіл бөлмегенӘдебиет және философияМатематика және латын тіліАльберт Эйнштейн...Фотохимия заңын анықтағанАстрономия заңын анықтаған
Сноубординг (ағылш. Snowboarding) — олимпиядалық спорт түрі. U-тәрізді хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға қарай шапшаң сырғанаудан тұрады.
Әлем Чемпионаты кезіндеСноубордистер не арнайы құрастырылған хафпайпта, не қарлы тау бөктерінде жарысады.Хайфпайппен жарысқа қатысушылар мақсаты - бес төрешінің алдында акробатикалық айла-тәсілдерді орындаған уақытта өз тақтайында қалу.Төрешілердің үшеуі айла-тәсілдерді бағалайды, ал қалған екеуі бірден онға дейін жалпы жаттығулар үшін бағалар қояды.Әрбір сноубордиске оның төрешілерді таңқалдырып үлгеруі және ұпай жинау үшін екі түсу мүмкіндігі беріледі.Сноубордкросс және слаломда мәре сызығын бірінші болып кесетін не мәреге ең аз уақытта келетін спортшы ұтады.Сноубордкроста жарысқа қатысушыларға бірін-бірі итеруге немесе қарсыластарды трассадан итеріп жіберуге тыйым салынады.Алып слаломда сайыстар жүріп өтулерге бөлінген. Бірінші жүріп өтуде құлайтын, қақпаларды өткізіп алатын немесе мәреге жете алмайтын ойыншылар айыптық уақыт алады