Ас атасы - нан.
Нан – қазақ халқы үшін киелі ас саналады. Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды. Нанға қатысты тыйым сөздер мен мақал – мәтелдер де өте көп айтылған. Мысалы, «нанды аяқ астына тастама», «Нан қатты екен», «шала піскен екен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б. сөздерді айтып, нанды сынамайды. Нанды, тамақты сынау –ашаршылықты шақыратын жаман ырым. «Нан— тамақтың атасы, ынтымақ — көптің батасы» деген халық ұғымында нанда кепиет, қасиет, құдірет, кие бар деп түсінген.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген. Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз. Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді. Мәтіннің жанрына тән 2 ерекшелікті белгілеңіз. А) Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер қамтылады В) Өзекті мәселе талқыланып, автор көзқарасы жазылады С) Көтерілген мәселе диалог түрінде жазылады D) Шығарманың тіл ерекшелігі, көркем тәсілдері жазылады Е) Оқиғаларды, талдап-бағалайды, оқырмандарға түсіндіреді
1.В
2Е
надеюсь