Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Диаграмманы пайдаланып , « Айтыс - сөз өнері » тақырыбына диалог жаз . Айтыстың түрлері- Бәдік, салт, өлі мен тірiнiң, Жар - жар, қыз бен жігіт, Жұмбақ, Жануарлар мен адам, Ақындар, Осы күні.
Объяснение:
-Сәлем
-Сәлем
-Сіз олардың кім айтыскер білесіз бе?
-иә олар жазушылар
- Сіз әнді білесіз бе?
-бұл үйлену тойында қалыңдықтың көрісу кезінде орындалатын салттық және күнделікті ән.
-Шорже Қаржаубайұлының қашан өмір сүргенін білесіз бе?
-Иә, ол 1808-1895 жылдары өмір сүрген
-Сендерге қазақ мақалдары ұнай ма?
-Иә сүйемін
-Жанақ Сағындықұлының кім екенін білесің бе? ол қай жылдары өмір сүрді?
-Иә, ол 1770-1856 жылдары өмір сүрген
-Рахмет. дейін
-сау бол