Объяснение:
Күлтегін (684-731 жж.) - Құтлық(Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ашина тектi.
Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады.[1]
Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түрік еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін былайша тізбелейді:
Он алты жасына келгенде алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Ол тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандады. Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық... Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) атқа мініп шауып, тоғыз ерін шанышты... Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты...
Есімшесі бар жұмбақ:
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам,сорпасы адал немене екен? (Жауабы:шай).
Есімшесі бар мақал:
Жауда қалған бұлбұлдан,
Отанға қайтқан ит артық.
Есімшесі бар жаңылтпаш:
Циркте қонжық қонжықты он жықты,
Он жыққан қонжық шоң мықты.
Он жығылған қонжық көндікті.
3 есімшесі бар сөйлем:
Самат жазғандарын әкесіне көрсетер кезде,көп нәрсені есте сақтап қалған еді.
8 сөзден тұратын және есімшеге аяқталған сөйлемдер:
Мен бүгін қолым тимейтіндіктен,олардың үйіне ертең барармын.
Оған кеше салқын тигендіктен,бүгін сабаққа келмей қалған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Определить общую проблему текста. Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Бұрын да тамаққа нашар еді, енді мүлде ішуді қойды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды. Жолаушы кеткен Батырбай қария (колхоздың белгілі бақшашысы) бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсек те жатқан баласын, қасында отырған өңі сынық Ұлжанды көріп шошып кетті. — Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесің кере бір күрсініп алып: Қайдан жайша болсын! — деп бастады да Ұлжан, Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді. Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын шайқады: — Дәрігерге көрсетпесе болмас. Мұрат—Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы. Көздерінен таса еткілері келмейді. Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп. оны как пайлай беретін. Есік алдына шықса болды, бірі қуа кегі. көтеріп, үйге алып кіріп кететін. Суық тиеді. сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, қатты сақтанушы еді Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгіріп оқып кетті. Қазір ол II класта оқып жүр. Сабақтан қалмауға тырысады. іске мойын ұсынып, алан, болған адамдай-ақ, мектепке барарында ерте оянып, тез киініп қамданады. Батырбай қария мен Ұлжан кейбір қатты жауында. немесе карлы боранды күндері Мұраттың сабаққа баруына да тежеу салып: «Бүгін бармай-ақ қой», — деп оны мұндай күндері қыя бастырғылары келмейді. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ. Әсіресе, жаз шыққалы ойнап жүрген балаларды көріп, жаңа иістеніп, құлпырып келе жатқан табиғатқа еліктеп үй төнірегінде жүруден мезі болады. Батырбай қария жолаушы кеткен күні Мұраттың көшеге қарай қашуы да, еркін ойнап қайтатын балаларының шулағанын аса сағынғандықтан еді. Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді: — Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды. Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көн болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті. Ол бүкіл төртінші тоқсан бойына сабаққа бара алмағандықтан, келесі жылы екінші класта қайта оқыды.
Объяснение:
Негізгі мәселе:Мұраттың қатты ауырып қалуы. Ауырып қалу себептері:төзімді бала болып шықпауы. Оған үйіндегілері кінәлі. Басқа балалар секілді далада ойнап, жазда суға шомылып, жалаң аяқ жүріп үйренсе қазір ауырып жатпас еді.