Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22691/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
infoproletarskay745
19.03.2023
Есімде қалуынша 2003- жылдың жаз айларының бір күнінде , озыңның сабақтасың , менің досым арқылы сенімен танысқан едім , әдемі жүзің , талдырмаш денең , бәрі - бәрі де сол кезде маған қатты ұнаған еді . . . уақыт ұзара келе біз жақсы достардан , сырластардан болып кеттк , ол кездері екеуміздің де істейтін жеріміз екі бөлек , уақыт шыққан кездері біз кездесіп , өмір жәйлі , махаббат жәйлі қызықты әңгімелерді айтсып жырғап қалушы едік . . неткен балалық , сәби кездер деп ойлаймын , бірақ , сенде сол ойда болдың ба , менің есімде анық қалмапты . . . қалайда біздің өмір жолымыздың бүкілдей ұқсап кетуі мүмкін емес қой . . әсем үрімжі қаласының қаншалаған , қыс , жазы , көктемін откермедік ?! иә , біздің де көңіл - күйдің де жаз айларындай жәйдәрі кезі , көктем жаңбрындай мұңлы шақтары , қыстың қаһарындай суық кездері болып өтпеді ?? бәрі де өмір заңдылғы екен ғой . . . есейіп ес білгенімізден бе , көргеніміздің көбейгенінен бе біздің өмір сапарымыз барған сайын бөлектеніп кете барды . . бірақ , біз сондада «дос»деген сол бір қасиетты есімді ұмыта алмадық , бірақ , нағыз достардан бола алдық па , досытқ парызымызды өтей алдық па , бұл жағын ескерып жатқан біз болмадық . . бір - бірімізге деген түсінігіміз де барған сайын тереңдей берді , бірақ ,сен мынауың дұрыс , ана ісің қате деп азды - көпті ескерткен болсақта , жеке істерімізге әрқашан да кірсіп көрмедік , қалайда талғамымызды біреу үшін озгерту біз үшін қиын еді сол шақтарда , е, сенің қоғамдық байланысың ығайлармен сығайлар , әнші - күйшілер , өнер адамдары одан қалса бастықсымақтар болды . . . . . . солардың саған қаншалық пайда жетікізе алғанын бүгінгі күндері біреуі де менің есімде жоқ , болмаса сенде солардай болып шығарың даусыз еді ғой , ең болмағанда , өзіңе тән тұрақты қызметың болсада бір сәрі еді . . . иә, сенің жұмысысз жүргеніңіді кейнгі кездері ғана сездім , бірақ ,сен сондада басқаларға еш сырыңды білдірмеуге тырсушы едің , ана серіктіктің бұғалтырымын , болмаса , жекелік ашқан дүкенім бар деп талай жерде айтқандарыңыды өз құлағыммен естіген болсамда , ұялып қалмасын деп үнсіз кеткен кездерім тағы да есіме келе береді ,, барынша басқаларға білмді , қабылетты , ыскер көрінуге қатты ұрынушы едің , шетелдерде , ішкі өлкелерде , болмағанда қазақстанда бір үлкен жұмыстарды тындырып жүретін жұмыс басты адам ретінде танылуды тіпті де жақсы көретін едің . . бірақ , оның ұзақ өтіпей басқалар жағынан да сезіліп қалатынын сол кездері ойлап көрдің бе ?? ! шаршап - шалдығып істеп жүретін адамның қалайдан - қалай саяхаттауға , екскортсялауға отырыс -тойларға баруға уақыт шығара алсын ?? бұлардан да қалып көрген жерің де жоқ - ау деймін . . . бер жағыңды қанша сылап - сипасаңда , аржағыңның бір қуыс үңігір секілді күйде қалғаның үшін қиналмайма деп тағы ойладым , әй, тағдыр-ай деші , махаббат сапарың тіпті де күрделі , мүмкін сенде біреуді сүйетін сезім де қалмағаны шындық , талай жігіттерді жылатып , зарлаттым деп кезінде ауыз толытрып айтып отырсаңда , дәл бүгінгі күндері дәл сол жігіттер үшін қаншама түндерді жылаумен өткізгенің , көз алдыңда кинө екірәніндәй тізбектеліп те жатқан болар ,,, қатыгездыкпен қанша рет , қанша сәбиді өмірге келу ұқығынан махұрым еттің , соңғы кездері жылап тұрып маған телефөн берген кездеріңде , айтқаным есіңдеме , жоқ , мүмкін сол жылаған көз жастарыңмен бірге менің сөздерімнің де бір жолата ғайып болғанын білемін ,,кейнгі күндері сенің тағы да қуаншпен күліп жүргеніңді көрдім , бірақ , ол шын күлкі емес , тағы да өзіңді алдағаныңды қоя алатын бейнең жоқ . . . әрине, сен секілді өмір жолын талдаған адаммен мүлде дос болуым керек емес шығар , бірақ , мен ойладым , жақсы болсын , жаман болсын өмірдегі адамдар , тек өзіне ғана жауапты болса болды , жаман болмаса , жақсыны қалай парықтар еді , әйтеу өзіме жамандығы болмаған соң , бүлініп кетер ешнәрсе болмас деп те ойлап жүрпіпін -ау . . барлық адамды өзіңдей көре берудің де қажеты жоқ екенін сол кездері неге ойланбаған едім . . . солай , озыңмен жақсырақ әңгімелесуім керек еді , сен туралы көп ойландым , өткен күндерді озгертуге боларма? сонша жылдық « достықты » бір жолата үзгенім де дұрыс сыяқты , сенің ендігі өміріңді озгерту менің қолымынан тіпті де келер емес , қалайда , нағыз бақыт жолыңды , дұрыс бағдардан іздесең , кеш қалмассың деп ойлай берем . . . сен бұл араға келмейсің ғой . . . . Бақытты болуыңды тілеген : достық көңілді қалтыру , паршаланған әйнекті де құрудан қиын деген осы болса керек !! күлтегіннен алынды.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
2-тапсырма. «Еліміздің тірегі-бүгінгі жастар» тақырыбына шағын эссе жаз. теңеулер мен метафораны қолданыңыз
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22691/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз