Valentinovna
?>

УВААААААААААА Я НИЧЕГО НЕ ПОНИМАЮ ​

Казахский язык

Ответы

kurmaleeva

Менің сүйікті спортым.

Әр адамның өзінің талғамы мен икеміне сай спорт түрі бар. Мысалға, біреулер қарсылартармен жекпе – жекке шығып, күш сынасқанды ұнатса, енді кейбір адамдар керісінше, қарсыластарын логикасымен жеңгенді ұнатады, тағы біреулері жылдамдықпен байланысты спорт түрлерін жақсы көреді.

Осы орайда, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелеп сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді, ал жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс түрлі болуы мүмкін: баяу, немесе жылдам. Музыканың ырғағына байланысты спортшы түрлі қимылдар жасайды: айналады, секіреді, мұз үстінде жүгіреді. Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.

Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.

qwqwweqw3
ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ЕМЛЕСІ   1. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі ы, і дыбыстары түсіп қалады: оқы – оқу, тоқы – тоқу, бекі – беку, жібі – жібу;
2. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы дыбыстары ұяң б, ғ, г дыбыстарына өзгереді: жап – жабу, тақ – тағу, сеп – себу, төк – төгу, үк – үгу;  
3. Етістіктің түбірі и, й, і дыбысына біткен жағдайда тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, сөздің соңғы дыбысы өзгереді: ки – кию, той – тою, кейі – кею, үй – үю;  
 4. Жу, бу, қу етістіктеріне тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда жуу, буу, қуу, түрінде жазылады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

УВААААААААААА Я НИЧЕГО НЕ ПОНИМАЮ ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

avdushinalizza1
filantropagv4
Мария-Кострыгина175
Aleksandrovich1415
elenaftdv7
Тресков946
Елена Надыч524
okovyrova1
sashakrotova943
ismailovi670771
Хасанбиевич Колесников716
happygal5224
alicia179
slava-m-apt
dsnewline