bugaevnicky
?>

"театр рухани азық" шығарма 50-60 сөз

Казахский язык

Ответы

Bondarev_Ayupova795

ответ: Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны береді. Алғашында театрда сахнадағы əрекет өз кезегінде хор арқылы, немесе түрлі басқа да іс-қимылдармен толықтырылып, комплексті тұрғыда алғанда, үлкен гармониялық аура тудырған. Көбінесе, ашық аспан астында өткен қойылымдарды көрермен жартастардың үстінде, арнайы жасалған биік құрылыстардың үстіне отырып көргенін сол заманнан қалған сəулет құрылыстарынан білеміз. Сондай-ақ ежелгі театр тек Грекия жерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген ежелгі шығыс елдерінде, Үндістан, Қытай, Индонезия, Жапония секілді елдерде кеңінен етек жайғаны да белгілі. Орта ғасырдағы Еуропада халықтық театрдың рөлін кезбе əртістер ойнаған. Ал Еуропадағы тұңғыш кəсіпқой театр Италия маскалар комедиясы екені тарихи жазбаларда кездеседі.

Объяснение:

natura-domA90

моё утро начилось как обычно: я проснулся,пошёл почистил зубы.потом я пошёл попил чай с моими любимыми конфетами (впиши названия конфет).я пошёл посмотреть свой любимый мультик(впиши названия мульта).потом неожиданно за мной зашли мои лучьшие друзья(имена).вначале я спросился у мамы: мам можно мне сходить погулять? и она меня отпустила.потом мы целый день с моими лучшими друзьями играли в футбол,баскетбол и даже сходили в бассейн.

        время пролетело так не заметно! и потом я сел делать уроки,пошёл мыться,посмотрел теливизор и пошёл спать

Tatianamir765654

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары қазақ прозасындағы халық тарихының бұрын шығармалар арқауына асынбаған тұстары, тарихи тұлғалары көркем шындық поэтикасы өрнектерімен жазыла бастады.

    Осындай шығармашылық үрдіс жемістері қатарына көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы да қосылды. Романның тақырыбы – Қазақстан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары. «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді.

 Қазақ тарихындағы отаршылдық пен ұлттық тәуелсіздік арасындағы қайшылықтар, қақтығыстар мол орын алған кезең эпикалық шығарманың құрылысында қамтылған.

   «Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық көлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының әкімшілік жүйесінің қазақ өлкесін мемлекеттік ішкі саясат аясындағы генерал-губернаторлық басқару жүйесінің ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің» құрылғаны, оған үш ата өкілдерінің (Әлімұлын – Шекті Сегізбай биге, Байұлын – Шеркеш Тұрманбет биге, Жетіруды – Табын Тіленші биге) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Төбе биінің (Байбақты Сырым би), Төбе бидің кеңесшілерінің (Ысық Қаратау би және Кете Көккөз би) сайланғаны. Романда қазақ тарихына есімдері мәлім осындай көрнекті адамдар көркем бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер көркемдік қолданыстар арқылы дәлелдеген.

    Романның негізгі басты кейіпкері – Сырым Датұлы (1753-1802). Оның есімі қазақ тарихындағы би-шешендер, батырлар дәстүріне арналған тарихнамалық-дерекнамалық шежірелік мұраларда, ел аузындағы әңгімелерде, фольклортану, әдебиеттану, Қазақстан тарихы зерттеулерінде қарастырылып, бағаланып келгені мәлім. Үнемі назарда келе жатқан қайраткер тұлғаның романға арқау болғаны – Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіне тән жаңалық көрсеткіші. Сырым Датұлының белгілі тарихи кезеңдегі Ресей отаршылдығына қарсылық іс-әрекеттері романдағы көркем шындық поэтикасының эстетикалық сипатымен өрнектелген. Ресейдің отаршылдық халықты басқарған саясатын қазақ даласында жүзеге асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын барымталап, ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр да олардың күтірлерін (хуторларын) шабады.

  Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныстарынан (Қырмызы, Қособа, Мақарша, Қарағұс, Қосағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақ, Жетікөл, Тұздыкөл, Жосалы, Қоңыр, Талдыбұлақ, Тасқұдық, т.б.) көшіріп, жаңа қоныстарға (Қалдығайтының сыртындағы Қарақамыстық қойны, Көшекбасар, Ишқымбай, Жібек, Сұлукөл, Жем, Сағыздың жоғарғы жағы, бес өзеннің бастауы – Бестамақ пен Саға, т.б.) орналастырады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"театр рухани азық" шығарма 50-60 сөз
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

aaazovcev
filimon211
gorod7
ekaterinasamoylova4705
Sergei-Gradus199
yulyazhdan
akbmaslafarkop3175
nevzorova
Makarov
olma-nn477
Сергеевич1907
sawa-msk
maksimovskiy7657
merung
afoninia