Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орында.Әлемдегі ірі кітапханалар «Кітап –білім бұлағы» немесе «Кітап –ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар – кітапсүйер қауымның сүйікті мекені. Олай болса, бүгін өз оқырмандарымызға әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін боламыз. Конгресс кітапханасы Конгресс кітапханасы Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Қазір кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4, 8 миллион карта, ноталар, 13, 7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон. Британдық кітапхана Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің аса үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам едәуір құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, бейнеақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса мұнда 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр HYPERLINK "https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/2855" https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/2855)1. Бірінші азатжолдағы асты сызылған үстеудің мағыналық түріA) күшейткішB) себеп-салдарC) мақсатD) сын-қимылE) мезгіл2. Мәтіннің үшінші азатжолындағы үстеу саныA) 1B) 2C) 3D) 4E) 53. Саналады етістігінің құрамы қандай?A) негізгі, салт, болымдыB) негізгі, сабақты, болымдыC) туынды, салт, болымдыD) туынды, сабақты, болымсызE) негізгі, салт, болымсыз4. Берілген етістігі қай етіске жатады?A) өздік етісB) өзгелік етісC) ырықсыз етісD) ортақ етісE) дұрыс жауап жоқ5. Мұнда үстеуінің құрамы қандай?A) негізгі, мекенB) негізгі, мезгілC) туынды, мөлшерD) туынды, мекенE) туынды, мақсат6. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Асты сызылған күшейткіш үстеудің синонимін көрсет.A) өтеB) тіптіC) сәлD) мүлдеE) едәуір7. Үшінші азатжолдағы асты сызылған үстеудің мағыналық түріA) күшейтуB) мекенC) мөлшерD) мақсатE) мезгіл8. Едәуір сөзінің синониміA) біразB) тым C) асаD) өтеE) мұнша9. Екінші азатжолда асты сызылған үстеудің түріA) туынды мақсат үстеуB) негізгі мекен үстеуC) күрделі, мезгіл үстеуD) туынды, мезгіл үстеуE) негізгі, мезгіл үстеу ( )2-тапсырма. Мәтінде орын алған мәселелерді анықтап, жинақы мәтін жаз. Сөз саны: 60-70 сөз. Мәтіндегі 1 үстеуге морфологиялық талдау жаса. ( )
1.В
2.С
3.С
4д
5с
6а
7с
8а
9д