oyudina
?>

Қазақстанның əлемге танымал болуына Байқоңыр айлағының қандай əсері бар? Дүниетану көмектесесіздерме!!

Казахский язык

Ответы

Olga1233

Қазақстанның әлемге танымал болуына Байқоңыр айлағының әсері :

Байқоңыр Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы аумағында орналасқан. Байқоңыр ғарыш айлағынан қуатты зымырандар, ғарышкемелер ұшқан.

Басты маңызды ақпарат - 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан дүние жүзіндегі ең алғашқы Жердің жасанды серігі ғарышқа жіберілді.

Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде Ю. Гагарин ғарышқа ұшты.

Қазақстанда орналасқан бұл айлақтан Жердің , Шолпанның ,Айдың жасанды серіктері ұшырылды.

Nasteona1994
Жануарлар туралы жұмбақтар
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)

Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)

Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (Үкі)

Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)

Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)

Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім. (Бүркіт)

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)

Орманда жоғары
Ғашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)

Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды (Бұлбұл)

Бір топ жынғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл)

Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып (Аққу)

Таусылама, қарандар,
Табиғаттын қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы)

Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық)

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (Аю)

Санай алмай шаршадым –
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі)

Бітімі, тұрқы –
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ –
Айыбы сол-ақ. (Зебра)

Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады. (Бұғы)

Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам? (Тасбақаның сауыты)

Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек. (Шошқа)

Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп. (Тасбақа)

Доп пішіндес тасты
Бауырына басты (Жұмыртқа басқан құс)

Секіреді –
Бала емес.
Сақалы бар –
Шал емес. (Серке)
rvvrps
Алматынын шыгысынын 200 км аракашыктыгында,Кытай шекарасынын жанында Казакстан елинин адеми бир ескерткиши-Каньон Чарын орналаскан.Чарын озенинин жагалауында 154 км бойында жайылып жатыр.Каньоннын кабыргалары, шогинди жыныстарлар койылган,узындыгы 300 метрге дейин жетеди.Каньоннын кабыргалыры судан,желден курымай жатканына 12 миллион болды.Бул - Каньоннын жасы.Каньоннын табигаты,"Долина замков","Ущелье ведьм" жане Тагы баскалары.Озинин адемилигимен Каньон Чарынды кобинесе Колорадагы белгили Улы Коньонмен салыстырады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қазақстанның əлемге танымал болуына Байқоңыр айлағының қандай əсері бар? Дүниетану көмектесесіздерме!!
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

eobmankina
oloinics
Panei
Batishcheva
mariapronina720126
Allahverdi_Мария475
shumeikoElena362
aleksandramir90
lika080489
dnikolay365
федороа
cherkashenko87543
nunabat457
osipov1984osipov
natalyaionova