Іле өзенінің оң жағалауында атақты әнші құм бар. Ол Алматы қаласынан жүз сексен екі шақырым қашықтықта. Бұл әнші құмның ұзындығы екі шақырымға, ені жарты шақырымға, ал биіктігі жүз елу метрге жетеді. Құмның түсі алтын түстес сап-сары. Осы құм суси бастағанда әндете жөнеледі.
Одан шыққан үн ұшақ моторының немесе суда жүзіп келе жатқан кеме двигателінің үніндей біресе қатты, біресе жай естіледі. Желсіз,тымық, жаңбырлы күндері құм үн-түнсіз жатады. Ал құрғақ та аңызақ кезде оны «сөйлету» қиын емес. Тек төбесіне ерінбей-жалықпай шығып алып, қия беткейімен жүгіре жөнелсеңіз, қатты үн шығады. Құм бейне өзінің өлі тыныштығын бұзғанын қаламағандай әсер қалдырады.
Жел қатты тұрған кезде құмнан музыкалық аспап – органның үніндей күмбірлеген үн шығады. Осы әнші құм туралы небір аңыздар бар. Соның бірі – Алланың әмірімен бұның ішіне шайтан қамалып қалған дейді.
Құмға байланысты мұндай аңыздар әр елде баршылық. Мысалы, Қызыл теңіздің жағасындағы Жебель-Накугтың биігіне шыққанда құм адам аяғының астында «ән» салып жатады. Бұл құмды былайша Қоңыраулы тау деп те атайды.Синай аралының тұрғындары бұл құмның астында үлкен монастырь бар деп есептейді. Белгілі бір сағатта оның жер астындағы қоңыраулары соғылып, монахтарды мінәжат етуге шақырады, сонда күшті дыбыстан таудың тұла бойы дір-дір етеді.
Сондай-ақ Кабул қаласынан 35 шақырым жерде Рег-Реван деген тау бар. Қазақшасы Ауытқымалы тау дегенді білдіреді. Бұл тау да Жебель-Накугке ұқсас. Оның беті ақ құммен көмкерілген. Егер оның үстімен бірнеше адам қатар жүрсе, барабанды таяқшамен соққандағыдай дауыс шығады. Мұндай құбылыс Чилидің Копиано алқабында да бар. Ондағы Эль-Брамадор деген алаптың да ғажабы аз емес. Эль-Брамадор – ұлыған деген сөз. Ал АҚШ-тың Калифорниясындағы алап қатты «жылайды», «ыңыранады» екен.
Кейбір елдерде бүкіл алқап ән салып тұратындай жерлер бар. Ондағы бұйрат-бұйрат құмдар зор дыбыс шығаратын көрінеді. Кей жерде құмның аз ғана бөлігі, шомылуға арналған жағажайлар «әндетеді». Ән салатын құмдар Кольск аралшығында, Рига құм жағалауында, Вилюя және Лена өзендері алқаптарында, Байкал көлі маңында кездеседі. Мұндай құмдар мүлде күтпеген дыбыстар шығарады. Кейбір зерттеушілер құмның әндетуін былайша түсіндіреді: дыбыс құм түйіршіктерінің арасындағы ауа қозғалысқа келгенде пайда болады деп жорамалдайды. Құм сусыған кезде құм қиыршықтарының арасы біресе ұлғайып, біресе тарылады, сонда арасындағы ауа көбейіп, азаяды. Соның әсерінен дыбыс толқыны пайда болады.
Ғалымдар қаншама зерттегенімен де әнші құмдар әлі де болса өз құпиясын толық аша қойған жоқ.
Объяснение:
Атаукім? не?кімім? кімің? кіміңіз? кімі?
нем? нең? неңіз? несі?2Іліккімнің? ненің?кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің?3Барыскімге? неге?
қайда?кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне?
неме? неңе? неңізге? несіне?4Табыскімді? нені?кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?5Жатыскімде? неде?
қайда?кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде?
немде? неңде? неңізде? несінде?6Шығыскімнен? неден?кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?
немнен? неңнен? неңізден? несіне?7Көмектескіммен? немен?кіміммен?
1)Жері байдың – елі бай
Қазақтың жері өзінің даласындай дарқан, көңіліндей кең. Сол жердің асты мен үсті байлыққа толы. Оның қойнауында Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99-ы анықталып, 70-і барланып, 60-ы өндіріледі. Кеңес елі тарағанда, біздің жерде хром кенінің әлемдегі 90%, бариттің 82%, фосфориттың 65%, вольфрамның 38%, қорғасын мен цинктің 33%, мыстың 26% қоры қалған еді. Біз әлемде мұнай, газ, титан, қалайы, уран, алтын, т.с.с. қазба байлығы бойынша бай елдің біріміз. Сарапшылардың есебі бойынша бізде бағдарланған жер қойнауының байлығы АҚШ долларымен есептегенде 10 триллион болады екен (салыстырып көріңіз, ел жылына 200 млрд қана доллардың шамасындағы өнім өндіреді). Біз қазба байлығы жөнінен әлемде бесінші орында тұрмыз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Әнші құмдардын қандай түрлері бар
Но шынымды айтайн блмим