Ұстаз... Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште .
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым –Жаманбаева Алмагүл Балғабайқызы. Олешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстаз.
kotocafe45
14.01.2023
Жазушы Мархабат Байғұттың бұл кітабына ауыл туралы әңгімелер енген. Ауылға іңкәр қаламгердің аталмыш тақырыпқа жиірек жазатыны, уызды да уытты тілі, әдемі әзілі мен астарлы әжуасы оқырман қауымға белгілі. Ауыл адамдарының сезімталдығы мен сағынышын, мұңы мен махаббатын, талайы мен тағдырын табиғи бейнелейтін прозашы жаңа әңгімелерінде қазіргі заман талабына, бүгінгі уақыттың әуеніне сәйкес психологиялық тың ізденістер таныта түскен. Кітап мазмұнының құрамында : "Жалбыздың жағасында", " Көрпесайдың кітапханасы", " Айып", "Варвараның көмбесі", " Алпыс үшінші жылғы махаббат" т.б. өте шығармалар молынан жинақталған.
Мен осы кітапты ең алғаш қолға алған кезімде, ол өзіне мені қатты баурап алар деп ойламаппын. Жазушы ағамның жазушылық шеберлігіне тәнті болдым және қатты таңырқадым. Сонымен қатар, кітапты оқып бастағаннан-ақ бойымды мақтаныш сезімі керней жөнелді.