artem-dom
?>

Ол кім? қалай білім алған ? Жұмыс орындары ? атқарған қызметі ? ғылыми еңбектері ?​

Казахский язык

Ответы

Дил1779

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Erikhovich

Киім кию мәдениеті.

"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге, әдемі киімге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды әрі ыңғайлы болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.

Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.

Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Менің ойымша, әрбір киім екі - екіден, ал аяқ киім төрт - бесеуден болғаны абзал. Сонда алмастырып киюге болады.

Бірақ, менің ойымша, сәнді киіну үшін міндетті түрде көп қаражаттың керегі жоқ. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, әр маусым аяқталар кезде ірі сауда орталықтарында арнайы жаппай сатылым жүргізіледі, біз мысалға отбасымызбен осындай сатылымдарда жиі өзімізге ұнаған киімдерді екі - үштен сатып аламыз. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар - күртелердің әрқайсысы екі - үштен болса жеткілікті. Былғарыдан жасалған аяқ - киімдерді де осындай маусымаралық сатылымдарда әрқайсымызға екі - екіден сатып аламыз.

Қаражатымызды үнемді жұмсап, әдемі де жарасымды киіне білейік.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ол кім? қалай білім алған ? Жұмыс орындары ? атқарған қызметі ? ғылыми еңбектері ?​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*