Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты:
қайтып оралмайтын көші-қон;
тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;
жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;
басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;
елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;
ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Дорогой ученик! Предлагаю тебе отправиться по заданному Маршруту, который тебе справиться со всеми заданиями. Сабақтың тақырыбы: «Маған «Думан» ұнады», «Алақай, демалысқа шығамын». Задания по чтению. Выполни устно! 117, 120 бет. Тыңда. Қайтала. Мәтінді оқы. Диалогті оқы. ответь на во бет. 1 тапсырма. ответь на во устно) 119 бет. 4-тапсырма. Найдите предложение, которое соответствует картинке(устно) 121 бет. 2 тапсырма. ответь на во устно) ЕСТЕ САҚТА! ЗАПОМНИ! Маған ұнады / Маған ұнамады Мұхитаралды көрдім / Мұхитаралды көрмедім Думанға бардым / Думанға бармадым Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Летние месяцы: июнь, июль, август Задания по письменой работе. ЖД (рабочая тетрадь №4), стр, 37-38 выполни письменно! 1-тапсырма. Заполните предложения на основе изображения 2-тапсырма. Составьте словосочетание ЖД (рабочая тетрадь №4), стр, 39 выполни письменно! 1-тапсырма. Допишите предложения. Үлгі (образец): Мен өзенге шомыламын. 2-тапсырма. Запланируй свои летние каникулы. ЖАҢА СӨЗДЕР Ұнады-понравился Ұнамады-не понравилось Бардым-ходил, пошел Бармадым- не ходил, не пошел Көрдім- видела Көрмедім- не видела
Жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың яғни жердің кедір-бұдырының бір түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады. Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы Шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді.