Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Кандай шыгармаларды поэма деп атаймыз?
Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.
Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде “Илиада”, “Одиссея” эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар (былина) мен “Игорь жасағы туралы жыр”, т.б. поэмалар кеңінен мәлім. А.С. Пушкиннің “Мыс салт атты”, М.Ю. Лермонтовтың “Мцыри”, Н.А. Некрасовтың “Русьте кім жақсы тұрады?” атты шығармалары поэма жанрының классикалық үлгісі саналады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, Ш.Құдайбердіұлының “Қалқаман — Мамыр”, М.Абайұлының “Медғат — Қасым”, М.Сералиннің “Гүлқашима”, С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір”, т.б. шығармалар