Құлынның туған күнінде.
Менің атам мен әжемнің ауылында көптеген үй жануарлары бар.Солардың ішінде бір көргеннен жақсы көріп кеткен жануарым - Cұңқар есімді құлыным болды.Міне,оны туылғаннан бері бағып,өсіріп келе жатқаныма көп уақыт болыпты.Бұл бүгін Сұңқардың бір жасқа толғандығын білдіреді.Қарап тұрсам,құлыным әсем боп өсіпті. Отбасыммен ақылдасып бұл күнді атап өтуге келістік.Үй іші қызу дайындықта.Анам ертеден дәмді тағамдарын дайындау үстінде болды.Ал атам мен әкем құлыным өскен соң мінуге арналған кішкентай ертұрман дайындап жатты.Мен күні бойы ауылдағы жалғыз үлкен базарды аралаумен болдым.Неге дейсіздер ғой?Ата-анам аздап берген ақшаларды жинап жүрген болатынмын.Енді сол қаржыға құлынымның жалын,кекілін тарайтын әдемі әрі ыңғайлы тарақ алмақшы болдым.Түске қарай іздегенімді тапқанымда қалай қуандым десеңізші.Үйге келсем,анам сәкі үстіне дастархан жайып қойыпты.Құлынды жақын жерге байлап,алма,қант секілді тәтті тамақтар мен өз сыйлықтарымызды сыйладық.Біз ғана емес,оның туған күніне алыстан келген достары бота гүл шоғын сыйласа,бұзау құлынның сүйікті жемісі,алма толы себет сыйлады.Ол қуанғандай ойнақшып,секіре жөнелді.Міне,осылайша құлынымның алғашқы туған күнін атап өттік.
(Мағынасы бір-біріне жуық сөздер)
(Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.)
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Көрнекті жазушы (септеу, жіктеу, тәуелдеу, фонетикалық талдау)
ответ:септеу:
Атау- көрнекті жазушы
Ілік-көрнекті жазушының
Барыс-көрнекті жазушыға
Табыс-көрнекті жазушыны
жатыс-көрнекті жазушыда
Көмектес-көрнекті жазушымен
Жіктеу:
мен көрнекті жазушымын
Сен көрнекті жазушысың
Сіз көрнекті жазушысыз
Ол көрнекті жазушы
Ф. Талдау:
К- дауыссыз, қатаң дыбыс
Ө-дауысты, жіңішке
Р- дауыссыз, үнді
Н- дауыссыз, үнді
Е- дауысты,
К- дауыссыз, қатаң
Т- дауыссыз, қатаң
І-дауысты, жіңішке
Ж- дауыссыз,ұяң
А- дауысты, жуан
З-дауыссыз,ұяң
У- дауысты, жуан
Ш-дауыссыз, қатаң
Ы- дауысты, жуан
Объяснение: