nikziam
?>

Менин Дағыстаным повеси не туралы? ​

Казахский язык

Ответы

janetp

Менің ұлым авар анасы  үйреткен тілді ұмытпауға тиіс»  деп басталатын бұл эссенің мағынасы тереңде.  Тіліңді ұмытқаның – еліңді, тарихыңды, анаңның ақ сүтін ұмытқанмен пара пар деген түпкі идея жатыр. Тілін ұмытқан кез келген адам – өткенін де бүгінін де мәңгі ұмытты деген сөз. Бұл эсседе өз ана тіліңді ұмытып өзге елде ғұмыр кешкенше, тірі басып жүрмей-ақ қойғаның абзал деген мазмұн бар.

«Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» – деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.

nord248
Мен ылғи қазақ даңғылдағы  хайуанаттар дукенiнде сатушы болуды армандайтынмын.  Анда сондай жанды теңіздің доңызы, көңілді және жылы шырайлыатжалмандар,ойнақы
мысыктар, әдемі тоты кустар, оскенен сон озiнiн иесiн коргайтын көңілді кушiктер. Маган сол хайуанаттар дукенiнде ен катты унаган Томи деген сарылау жасыл коздери бар мысык. Ол сондай кызыкты!  Мен сипаган кезiнде ол акырын дыбысын шыгарып жататын. Осы менiн арманым бiр кунi орындалатынына катты сенемiн. Жане де мен сол хайуанаттар дукенiнде жумыс iстеймiн, ойткенi маган хайуандар оте унайды!
Malenyuk
Менің Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің. 

Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңда оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі. 

Менің қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығын, табиғи біртұтастығын еске түседі. 

Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят сумымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.

Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.

Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, «көрші хақы – тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлттың жан тебіренісі.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Менин Дағыстаным повеси не туралы? ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*