Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оқылым Туризм – адамның бос уақытында өз еркінше көңіл көтеріп, демалуы, басқа жерді көріп, қызықтауы, ерікті түрде саяхаттап, серуендеуі. Қазіргі кезде туризм – табысты әрі тез дамып келе жатқан халықаралық сауда сегменттерінің бірі. Халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрайды. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты түрде үшінші орын алады. Туризм туристер баратын жаңа аумақтар есебінен дамып отырады және Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайы әлемдік туристік нарықта лайықты орын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі туризм жыл сайын ақылы еңбек демалысымен байланысты. Бұл – адамның демалуға, бос уақытын еркімен өткізуге құқықты екенін көрсетеді. Ол жеке адам, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсінікті байқатады. Жазылым. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемді көшіріп жазып, салаластың қай түріне жататынын анықтаңыз
Қазіргі
кезде туризм – табысты әрі тез дамып келе жатқан халықаралық сауда
сегменттерінің бірі. әрі-Ыңғайлас салалас
Оъяснение:
нашел только это