Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалау бұл әр азаматтың өз ары
менің ойымша бұл дегені- ойлап айту керек, себебі бір нәрсе айтсаң, бұл әр адамның көңіліне тиеді
Жо-жоқ, бұл мақал «Теңін тапса, тегін бер» деген. Ал мақаламызда теңін тапқан жұптардың ата тегін ауыстыру жайында бірер сөз қозғамақпыз... Бүгінгі қоғамда тұрмыс құрған қалыңдықтың ерінің тегіне ауысуы жиі кездеседі. Бұл құбылысқа бір адамдар дұрыс қараса, енді бірі бұрысқа балап жатады. Сөз соңында айтарымыз, қыз баласы өз еркімен қалап тұрса, тегін ауыстыруға екінші көзқарасты басшылыққа алып, қарсылық жоқ екенін аңғарамыз, десе де, күйеуі тарапынан ешқандай талап-тілектер қойылмауы шарт.
Қазақ "сұлу — сұлу емес, сүйген сұлу" дейді. Бұнысы махаббат әр адамның өзіне ғана тән қасиет, оның өзінің көзі, өзінің жүрегі бар дегені ғой. Сол көзге, сол жүрекке кім ұнаса, ол басқадан сұлу, басқадан артық сүйген адамына баға беруге келгенінде бұл көз де, бұл жүрек те соқыр. Кейде жезді де алтынға балайды. Көне заманда гректер махаббатты көзсіз періште деп түсінген. Суреттерінде олардың көздері үнемі орамалмен таңулы келеді. Бұнысы махаббатқа соқыр деген бейне беру... Ал расында, махаббат соншалық соқыр ма? Көзің көріп тұрған рабайсыз, көріксіз адамды қалай көрікті, әдемі деуге болады? Жоқ, махаббат, ондай соқыр емес, ол көреген, тек өзінше көреген. Оның көрегендігі сол — ғашық болған адамның рухани сезімімен, интуициямен байланысты. Әрине біреуге ұнамаған қасиет, басқаға ұнайды да, осыдан туады ғой деймін.
Объяснение:
Қалқаман Сарин Айымғазұлы 1978 жылдың 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. Еңбек жолын мұғалім болудан бастаған. 1998 жылдан 2008 жылға дейін Ұлттық музыка академиясында оқытушы болып қызмет атқарған.
Қалқаман Сарин - халықаралық, республикалық, жыр-мүшәйралардың жүлдегері, Халықаралық "Шабыт фестивалінің лауреаты, "Алтын қалам" әдеби сыйлығының жеңімпазы. "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Ол - Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, "Арманымның бейнесі" атты жыр жинағының авторы.
"Жібек сезім - жүрек ссөзім" деп аталатын үнта шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған "Қызыма" "Күзгі бақ" "Жібек сезім" және т.б. әндердің мәтінін жазған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақ қолөнері. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған.Қолөнер бұйымдарына не жатады? Қандай түрлерін білесін? Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне сай етіп эссе құраңыз.
ответ:Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.
Ою-өрнектердің түрлері.
«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.