1) Мәтіннің тақырыбы:
Алакөл
Алакөл ауданы
2)Алакөл жайлы ақпарат бере отырып, табиғаттың ерекшелігін жеткізу. Алакөл туралы мағлұматтар берумен қатар, ерекшелігіне жол сілтеу болып табылады.
3). Үлкен Аралтөбе, Кішкене Аралтөбе, Белқұдық(аралдар).
Үржар, Еміл, Қатынсу, Жаманты, Жаманөткел, Тасты(өзендер).
Алабұға, сазан, көксерке(балықтар).
Аққу, қаз, бірқазан(құстар).
Теңбілмысық(жануар)
4)шағын,қамысты.
5)Зат атаулары(өзен, арал, балық, аң-құс)
Етістік:құйылады, ауытқып отырады, кездестіруге болады.
6)Алакөлдің қамысты жерлері жайлы ақпарат бере отырып, сонымен қатар сол Алакөлде кездесетін аң-құс атауларымен, ақырында теңбілмысық жайлы ақпармен аяқталады.
7)Алакөлдің аумағы қандай үлкен екенін білдім. Сонымен қатар сол жердегі аралдар жайлы, құятын өзендер туралы ақпарат алдым. Алакөлде кездесетін балық түрлерімен қатар, аң-құс түрлерімен таныстым. Сол ақпараттарды осы мәтіннен білдім.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз.
Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» атты деректі очеркінде Құлагерді шабысынан айырған жауыз ретінде Батыраш емес, Барақбайдың шабарманы Бөрібай деп көрсетіледі. Қайсысы дұрыс? Құлагерді кім өлтірді?
Барақбай туралы деректерді Мағжанның жазбаларынан ғана кездестіреміз. Онда Аққошқар Сайдалының асында болған бәйгеде Барақбайға Ақанның тілі тиіп, сол үшін кектенген Барақбай Сағынайдың асында Құлагерді өлтірді делінеді. Бірақ өзге деректердің барлығында Құлагерді өлтірген а Жүніс көрсетілген. Ғабиден Мұстафин де 1971 жылы Қарағандыға барып, Батыраштың туыстарымен әңгімелеседі. Оның немерелері де Құлагерге аталарының жұмсауымен Жүністің айбалта сермегенін растаған.
Сол Аққошқар Сайдалының асында Батыраш Ақанмен кездесіп, ата дәстүрмен Құлагерге қолқа салады. Орнына Көктұйғын сынды жүйрігі мен Алтайдың сұлу қызын қалыңсыз беретінін айтады. Ақан: «Аттың иесі Атығай-Қарауыл ғой. Еліммен ақылдасайын» дейді. Тағы бір кездескенінде Батыраш жауабын сұрайды. Ақанның бере алмайтынын естігенде күйіп кеткен ол, жалғыз ұлы Жүніске: «Мына Қарауылдың екі рет алдаған ызасы өтті. Менен туған ұл екенің рас болса, Құлагер Көкшетауға қайтып бармайтын болсын» депті. Мұндай деректі жазушы Жайық Бектұровқа Батыраштың інісі Қотыраштың қызы Төкіш деген кісі айтып берген. Ілияс Жансүгіров те серінің елін аралап, талай көнекөз қарттармен сөйлесіп, 1931 жылы Жазушылар одағында баяндама жасайды. Оның да Құлагерді Батыраштың өлтіргеніне көзі жеткен және бұл оқиға қаламгердің «Құлагер» поэмасында көрініс тапты. Соған қарағанда Барақбайдан гөрі Батыраштың өлтіргендігі шындыққа саятын секілді. Ал Барақбайдың бір әңгімеге бола Құлагерді өлтіруі мүмкін емес деп ойлаймын. Жұрт жүйрік аттың күйігі жаман болады деп жатады. Ал Батыраштың сәйгүлік аттары көп болған. Ел аузындағы деректерде Батыраштың жақсының қадірін білген, көшелі дала шонжары болғандығы айтылады. Тіпті, қуғын көрген атақты ақын әрі композитор Мәди Бапиұлын Батыраш арнайы шақырып, құрметтеп, қошаметтеп, қонақ еткен деген әңгіме де бар.