«Сен маған досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» демекші, дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын адамды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылықтары мен көзқарастары бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Дегенмен, кемшіліксіз адам болмайды, әрқайсымыздың өз кемшіліктеріміз бар. Сондықтан да, менің ойымша, мінсіз дос болмайды. Немесе, мінсіз дос осындай болу керек деген тұжырымдама да жоқ. Достық - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Менің ойымша, ең бастысы адамдар бірін – бірі түсініп, қиын жағдайда қолдау көрсетіп, қуанышты бірге қызықтаса, міне, осыны мен мінсіз достық деп білемін, ал сіз менімен келісесіз бе?
Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Дана халқымыз да достық қарым – қатынасты ерекше бағалап, қастерлеген.
Объяснение:
Жыл мезгілдері.
Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады. көктемде күн жылынады. Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Жаңбыр онша көп жаумайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Жаздан кейін қоңыр салқын күз де келіп жетеді. Бұл кезде енді күн қысқа, түн ұзақ болады. қарңғылық ерте түседі. Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады. Күз айлары – жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Осындай кезде қыс та келіп қалады. Бұл кезде дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Қыс – жыл мезгілдерінің ең суық айлары. Қыстан кейін көптен күткен көктем де келеді. Бұл кезде күн жылына бастайды. Түн қысқарып, күн ұзарады. Күннің көзі жарқырайды. Кейде жылы жаңбыр жауып, оңтүстіктен жылы жел еседі. Енді көктем жазға өз орнын береді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Театр – мәдениет ошағы. Өз ойыңызды 3-4 сөйлем арқылы жеткізіңіз.
театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.