Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
Қысқаша шолу
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:
«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым...»
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік. A) әңгімеге B) қойып C) кірісейік D) ашық E) бәрін 2. Мына сөздердің синонимін жазыңыз: еңбек, бітіру, айналысу А) демалыс, кету, істеу B) жұмыс, аяқтау, шұғылдану С) ойын, бастау, орындау D) жұмыс, кетіру, қатысу Е) іс, алу, аяқтау 3. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбысты өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз. А) Кел B) Бар С) Тап D) Айт Е) Жүр 4. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз. A) „Біріншіден, көбі келген жоқ оқушылар“ деді класс жетекші. B) „Біріншіден, көбі келген жоқ оқушылар“, - деді класс жетекші. C) „Біріншіден, көбі келген жоқ, оқушылар“ деді класс жетекші. D) „Біріншіден, көбі, келген жоқ оқушылар“ - деді класс жетекші. E) „Біріншіден, көбі келген жоқ, оқушылар“, - деді класс жетекші. 5. «аты ел аузында» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз. A) ашық B) анық C) жылдам D) уақытында E) белгілі 6. Сан есімге байланысты қандай тыныс белгісі қойылады? Әкем 50 ге толды A) қос нүкте B) дефис C) үтір D) жақша E) нүкте 7. Танысқаныма ... А) борыштымын B) қорқыныштымын C) қуаныштымын D) жетікпін E) жақсымын 8. Қай сөйлемде болжам бар? A) Күнде сабаққа барамын. B) Ертең айтармын. C) Кеше театрға бардық. D) Бұрын досым маған жиі келетін. E) Алматы бұрын астана болған. 9. «Кейде» мағынасын білдіретін қосарлама қос сөзді табыңыз. А) Айыл-тұрман. B) Оқта-текте. С) Алым-берім. D) анда-санда Е) Ел-жұрт. 10. Мақалдардан антонимдері барын белгілеңіз. А) Көппен көрген ұлы той. B) Қолы ашықтың – жолы ашық. С) Берген жомарт емес, алған жомарт. D) Жері байдың – елі бай. Е) Сыйлап берсе, сусын іш. 11. Мақалды аяқтаңыз. Еңбек етсен ерінбей, Тояды қарның А) Сұранбай B) Білінбей С) Тіленбей D) Ойланбай E) Жыланбай 12. Көп нүктенің орнына қандай шылауды қою керек? Біз кешке ... далаға серуенге шықтық. А) дейін B) кейін C) соң D) әрі E) қарай 13. Мен үйге кешкі сағат сегізге он бес минут қалғанда жетемін. Уақытты табыңыз. А) 19.15 B) 20.15 С) 19.45 Д) 20.45 Е) 19.14 14. Төле бидiң толғауын толықтырыңыз: “ Жаңбыр жаумаса - жер жетiм, Басшысы болмаса - ел жетiм, Ұқпасқа айтқан ... жетiм” А) сыр В) сөз С) саз D) сын Е) үн 15. Өкінішті білдіру үшін қай одағайды қолдану керек? A) алақай B) тәйт C) шіркін D) әттеген-ай Е) бәсе 16. Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қалаларды белгілеңіз. A) Павлодар, Екібастұз B) Қостанай, Қарағанды C) Жезқазған, Астана D) Түркістан, Шымкент Е) Ақтау, Ақтөбе 17. Республика астанасы Астана қаласына қашан көшірілгенін белгілеңіз. A) 1998 ж. B) 1997ж. C) 1991 ж. D) 1993 ж. Е) 2001 ж. 18. Қазақстанның ең терең көлін анықтаңыз. A) Марқакөл B) Балқаш C) Зайсан D) Алакөл Е) Маралды 19. Үшінші қазақ ғарышкері. А) Ғани Қасымов В) Тоқтар Әубәкіров С) Талғат Мұсабаев D) Айдын Айымбетов Е) Талғат Бигельдинов 20. «Қазақтың Швейцариясы» атанған өлкені анықтаңыз. А) Марқакөл B) Баянауыл С) Алатау D) Қарқаралы Е) Көкшетау
1.Д
2.В
3с
4е
5е
6в
7с
8в
9д
10с
11с
12а
13с
14в
15д
16д
17в
18в
19д
20в