Yevgenii1423
?>

Ривераның бокс алаңындағы ішкі жан-дүниесін сезіне отырып монолог жазыңыз. (Шамамен 45-50 сөз көлемінде) *​

Казахский язык

Ответы

Li-111

Бұл -алаң менің жерім! спаринг менің жан дүниемнің көрінісі! бұл қан талаған арзан ойын емес, менің нан табар ақшам мен еңбегім. Менің терім! мен осы күнді көп күттім! енді өзімді көрсетер сәт туды!

тура осылай айтты деп ойламаймын, алайда өзімде боксқа қатысқандықтан, бұл сұраққа осылай жауап жаздым,әркімнің ойы басқа демекші, өз ойыңызбен толықтырып жазсаңыз да болады.

zuzazuza61

Ата-ананың қадірін білмеген -  халық қадірін білмес.

Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі ана сүтін ақтау деп аталады. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті.

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.

Теңіздей тербелген өмір толқындарынан баласын аман алып қалу үшін барын салады. Сондай зор махаббатпен өсірген өрені қартайған шағында мейірімге бөлер ме екен? Баласының болашағы үшін бар өмірін арнаған ата-анасы қартайып аз ғана көрер жарығы қалғанда оны сүйіспеншілік пен мейірімге бөлей алмаған адамның адамгершілігі бар деп айту қиын. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің» деп бабаларымыз жырлағандай «ата-анаға не істесең, алдыңнан сол шығады». Анаңды құрметтемесең, анадан несін туасың? Адамды құрметтемесең, адамнан несін туасың? – деп жырлаған екен халқымыз. Қандай өркениетте болсын, қандай ұлттарда болсын ата-анаға деген құрмет ешқашанда өзінің құндылығын жоғалтқан емес, ата-анаға ең биік орын беріп ерекше бағалайды. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, инабаттылыққа ұмтылып, арын кірлетпей, кіршіксіз таза ұстап, ата-ананың алдында адалдығынан ажырамай өмір сүрсе, аналар да жыламас еді, жетімдердің де көзі жәутеңдемес еді.

Перзент – ата-ана еккен ағаштың жайқалған жасыл жапырақтары, әке мен шешенің өз қолдарымен мәпелеп өсірген ағаштың көптен күткен жемісі. Алғашында ата-ана перзент панасы болса, кейін керісінше әр перзент ата-ананың панасы болуы оның пенделік, перзенттік парызы. Қызын қуыршақтай, ұлын құлыншақтай қылып алақанында аялап өсірген жемісінің дәмін тату, бейнетінің зейнетін көру – әр адамның арманы. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» депті бағзы бабаларымыз. Ата-анасының қадіріне бармаған бала құдды құрт түсіп, шіріген жеміс іспетті. Бала емес, бәле өсіргенін кейіннен түсіну – көңілдің күйікті күйініші, өзекті өртейтін өмірдегі өкініші.


Igorevich_Aleksandrovna1599

Мен өзімнің болашағымды жарқын  коремін,өйткені мен өзімнің нақты кәсібімді таңдап қойдым,мен дәрігер болғым келеді, дәрігердін кәсібі маған қатты ұнайды,өйткени бұл бақыт емес пе басқа адамдарға көмек бере алу әр бір адамның қиын сәтінде касында болып оған қол ұшын беру.Мен осы кәсібіме жету үшін көп талпынамын,өйткени казиргі заманда оқу қиындап кетти және жұмыс табуы да қиын,сондықтан мен кәзіргі күнімнен бастап тырысудамын және менде күмәнім жоқ өскенде мен дәрігер болатыным.

   Надеюсь сочинение подойдет

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ривераның бокс алаңындағы ішкі жан-дүниесін сезіне отырып монолог жазыңыз. (Шамамен 45-50 сөз көлемінде) *​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Ольга1520
b3dllam
pryvalovo48
pifpaf85
Kashtelyan Tamara847
mar1030
irinatikhonov
s-shulga
violetta152028
Talikova164
zsa100
Екатерина655
marinadetsad
kononova_Pavel689
Vitalevich1799