1 Америка құрлығын мекен етіп жатқан қазіргі тұрғындардың арғы тегі азиялықтардан тарауы мүмкін деген болжамды америкалық археолог ғалымдар 19 ғасырдың ортасынан бастап ашық айта бастады. Олар алғашында аталмыш құрлыққа адамдар өте ерте плейстоцен заманында, яғни 2 миллион жыл бұрын қоныстана бастады деп жорамал жасаған еді.
Кейін Льюис Генри Морган есімді археолог ғалым «Америка құрлығының алғашқы тұрғындарының азиялықтар екені рас. Олар осыдан 10-15 мың жыл бұрын екі құрылықтың (азия мен америка) арасын жалғастырып тұрған жіңішке қырат арқылы өтіп келген аңшылар қауымынан тарады» деп батыл байлам жасады.
Арада бір шама уақыт өткеннен кейін осы деректердің ақ-қарасына көз жеткізу мақсатында америкалық ғалым Алеш Грдличка 1912 жылы Сібір мен Алтайға арнайы келіп, жергілікті тұрғындардың тілі, әдет-ғұрпына қатысты біршама зерттеу жасап көреді. Сапарында расында да алтай-сібір-үндіс халықтарының арасында белгілі бір ұқсастықтар барына көз жеткізеді. Осылайша ол «осыдан мыңдаған жылдар бұрын Азия құрлығы мен Америка материгінің түйісер тұсындағы өткел қырат болған, сол қырат арқылы алтай және сібір тұрғындары қазіргі америка жеріне қоныс аударуы мүмкін» деген жорамалдың негізсіз еместігіне көз жеткізеді. Ұзамай «Аляска күнделігі» атты зерттеу кітабын жазып ғылыми қауымдастық алдына үлкен миссия тастап жібереді. Осыдан бері алтай және үндіс халықтарының туыстығы мәселесі күн тәртібінен түспейтін мәселенің біріне айналып сала берді.
Ғылыми дәлелдерге сенсек, Америка құрлығына адамдар үш рет қоныс аударған. Алғашқы көш 35-40 мың бұрын басталған, екіншісі 25-28 мың, үшіншісі 10-14 мың жыл бұрын. Одан кейін теңіз бен жердің арасын жалғап тұрған Берринг бұғазы су астына кеткен. «Осылай ұлы көш аяқталды. Бұл Азияның соңғы көші болды», дегенге саяды ғылыми пайымдар.
Ғалымдардың пайымына сенсек, осыдан 20-25 мың жыл бұрын қазіргі Чукот, Охот және Шығыс Сібір секілді теңіздер болмаған. Амур өзені Сахалин және Жапон аралдарымен сондай-ақ Камчатка аралдарының бір бөлігімен түйісіп жатқан. Яғни, Азия мен Американың арасы мыңдаған шақырымға созылған жіңішке жер мойнақ (бұғаз) арқылы жалғасып жатқан. Ол бұғаз қазір Берринг бұғазы деп аталады.
2019 жылдың 31 қаңтары күні Канаданың CBS News телеканалы осы Берринг бұғазы туралы арнайы зерттеу фильмін көрсетті. Фильмде жұртшылық назарына белгілі геолог ғалым Джеф Бондтың ұзақ уақыт бойғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде құрастырған Берринг бұғазының картасы ұсынылды. Онда осыдан 18 мың жыл бұрынғы Берингия жермойнағының көлдер мен өзендерге бай жасыл аймақ болғаны анық көрсетілген. «Қазіргі Берринг бұғазы мен Аляскаға тиіп тұрған батпақты алқаптарға геологиялық тұрғыдан жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып, Берингия жермойнағының климаты мен қоршаған ортасы ол замандарда байырғы сібірліктердің өмір сүруіне әбден лайықты болғандығын да, соның арқасында олардың әлгі аймақта ондаған мың жылдар бойы мекендеп келді деп батыл шешім шығаруға болады. Яғни, сол дәуірдегі Берингия жермойнағында қалыптасқан экологиялық және климаттық ахуалдың Сібірден алғаш қоныс аударушылардың өмір сүру жағдайына әбден лайықты болды. Ол аз десеңіз, Беррингияда ол заманда ормандар мен жасыл алқаптардың да, мамонт және бизон секілді сүтқоректі алып жануарлардың болғанын археологиялық қазба жұмыстары да дәлелдеп отыр», - дейді деректі фильм авторлары.
Генетикалық талдаулар не дейді?
Генетика саласының аса білгірлерінің бірі саналатын химия ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Алексеевич Клесовтың айтуынша, ежелгі америкалық «үндістердің» генотипі Солтүстік Сібір халықтарымен өте ұқсас. Қос халықтың арасындағы гендік ұқсастық көрсеткіштері 50-90 пайызды (чипевалықтар 90, эскимостар мен алеуттердің ДНК көрсеткіші 50 пайыз) құраған. Бұл - байырғы америкалықтардың 52 түрлі геномы мен көне сібір-алтай халықтары өкілдерінің 17 түрлі ДНК ерекшеліктерін геномын салыстыра отырып алынған зерттеулердің нәтижесінен алынған қорытынды. Генетик ғалымдардың айтуынша, екі халық арасындағы генетикалық алшақтықтар мен ұқсастықтарға қатысты 300 мың ДНК тізбектері анықталған. Тағы бір айта кетерлігі, Американың оңтүстігіне қарай жүрген сайын азиялық генотип көрсеткіші солғұрлым азая түскен.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. -Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып, туынды зат есім жаса. Кітап, дос, егін, орын, — шы, — ші, — лық, — лік, таза, мал, шебер — тық, — хана, -дық Кітапхана, достық, егінші, орындық, тазалық, малшы, шеберлік. Балық, заң, өнер, ұш, -гер, -шы, -паз, -қыш тату, дәрі, ақын -лық, -хана, -дық Балықшы, заңгер, өнерпаз, ұшқыш, татулық, дәрігер, ақындық 2-тапсырма. -Берілген жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса. …………… …………….. …………… …………….. …………… шы …………….. лық ………….. …………….
Майя
Майя халқы Орталық Америкадағы қалың джунгли орманы басқан Юкатан түбегін мекендеді. Жер қауымға қарады. Қауым әр отбасына орманнан тазартылған жер үлесін бөліп беріп отырды. Қатардағы қауымдастарға шонжарлар мен абыздар үстемдік етті. Олар қауымдастардың егін өнімінің бір бөлігін алып отырды. Тұтқындар мен борыштылардан құралған құлдарды да қанады. Біздің заманымыздың I мыңжылдығында өмір сүрген майяларда қала-мемлекеттер пайда болды. Әр қаланы «ұлы адам» деп аталатын билеуші басқарды. Билік мұрагерлікпен ауысып отырды. Ол өлкенің халқынан салық жинады. Шонжарлар қала орталығындағы тастан салған сарайларда, ал «төменгі адамдар» - шаруалар мен қолөнершілер қала шетіндегі төбесін амыс құрағымен жапқан лашықтарда, едені жер үйлерде тұрды. Біздің заманымыздың бас кезінде Майяда жазу пайда болды. Иеороглифтерді қышқаламмен қағазға түсірді, қолжазбаларды уреттермен безендірді. Храмдардың қабырғаларына да, биік тас бағаналарға да ойып жазу жазды. Абыздар дұғаларды, аңыздар мен тарихи оқиғаларды жазып отырды. Абыздар қауымдастарға егіншілік жұмыстарын жүргізу мерзімдерін белгіледі. Егіншілік күнтізбе жасауды қажет етті. Ол ертедегі халықтар күнтізбелері ішіндегі ең дәл күнтізбе болды. Күнтізбе асау математика жетістіктерімен байланысты еді. Олар басқа тайпалардың ішінде ең алғаш нөл сандық белгісін енгізді. Майя қалаларының орнынан астрономиялық обсерваториялар табылған. Абыздар планетаның Күнді айналып шығуын есептеп шығарды. Күннің және Айдың тұтылуын алдын ала болжай білді. Сәулет өнерінде де майялардың жетістіктері үлкен болды. Олар биік тұғырларға және жасанды төбелерге сарайлар мен текшелі пирамида түрінде храмдар салды. Құрылыстарды бедер өрнекпен, құдайлардың мүсіндері және фрескалармен безендірді.
Ацтектер империясы
Ацтектер Мексикадағы теңіз деңгейінен 2000 м биіктіктегі қыратта, тау шыңдарының етегінде, ауа райы жұмсақ және топырағы құнарлы, табиғаты сұлу алқапта орналасқан. XIV ғасырда солтүстіктен келген ацтектер үлкен көлдің ортасындағы аралдарға Теночтитлан қаласын салды. Аралдарды бөгеттермен жалғастырды. Қаланы түзу көшелер мен каналдар бөліп жатты, оларды жағалай храмдармен сарайлар бой көтерді. Алғашқы кезде ацтектерде жер жетіспеді. Сондықтан олар енсіз түбектерге көл түбінен шығарылған балдыр мен құнарлы қайыр топырақты бірге төгіп отырды. Жауынсыз кездерде егінді каналдан суарды. Бұл «көшпелі егістік» жылына бірнеше рет өнім берді. Ацтектер көрші тайпаларды жаулап алып, өзіне бағынышты етті. Олар бағынышты тайпалардан қыруар төлем және құлдар алып отырды. Тайпаларды бұрынғысынша жергілікті көсемдер билегенімен, басты қалаларды ацтек әкімдері мен алым жинаушылар басқарып түрды. Мемлекетті мұрагер билеуші басқарды. Шонжарлар лауазымды қызметтерге қойылып, атқарған қызметі үшін жалақы алды. Олар керектінің бәрін қарауындағы бағыныштыларынан алды. Соғыс кезінде саны 400 мың адамга дейін баратын қуатты әскер жасақтау мүмкіндігі болды. Ацтектер қолөнерде үлкен жетістіктерге жетті. Алтын мен күмістен нақышты әшекейлер соқты, зергерлер қымбат тастарды шебер қырлады, нәзік өрнек салу жұмыстарын орындады. Қолөнершілер өрнектелген ыдыстар жасады, мата тоқыды, матаның астына құс қауырсындарын салып кестеледі. Ол түрлі түсті болып құбылып тұрды.
Астанада қарапайым ацтектер мен шонжарларға арналған мектептер болды. Әдеттегі мектептерде егіншілікке, қолөнерге және соғыс ісіне үйретті. Шонжарлардың балаларына жазуды, тарих пен дінді, мәнерлеп оқуды, есептеуді, астрономияны, поэзияны, шешендік өнерін оқытты. Әнші-ақындар гимндер, дастандар, табиғат жөнінде өлеңдер шығарды. Астанада жыл сайын әнші-ақындардың айтысын өткізіп, үздіктеріне жүлде берілді.
Инктер империясы
Оңтүстік Американың батысында инктер елі - Перу жатыр. Инктер көрші тайпаларды бағындырып, олардың еңбегін пайдаланды. Каналдар қазып, егін екті, аспалы көпірлер салды. Қоладан балта, орақ, пышақ, түйреуіш, ине, қоңыраушалар, найзаның ұшы сияқты заттарды құйып, алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасады. Инктерде 4 жылдық мектеп болған, онда бірінші жылы кечуа тілін үйретіп, екінші жылы дінге оқытып, үшінші және төртінші жылдары өмірге қажетті білім берген. Сөйтіп еуропалықтар келгенге дейін-ақ Америка халықтары өздерінің бай мәдениетін жасаған. Алайда еуропалықтардың басып алуы бұл елдердің табиғи дамуына кедергі жасады. Франсиско Писсаро 1475-1541 жылдар аралығында Инктер империясын жаулап алып Лима қаласының негізін калады.