Климаттың өзгерулері - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.
Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, сондай-ақ дендрохронологиялық және т.б. әдістермен анықталатын қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар да бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.
Ауа-райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:
Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.
Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін,
Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшеріГольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.
Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.
Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.
Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету нашарлайды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Можно с переводчиком! Но толшько если правильно!И Лучший ответ очень Умоляю! «Мен білетін соғыс ардагерлері» тақырыбына әңгіме құра
Сол сұрапыл сұм соғысқа менің атам Сәрсенов Жеңсікбай Аманұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Сәрсенов Жеңсікбай 1926 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат бекетінде дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 2 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, жаттығудан өткен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін, ақылын аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым. Екі айдан соң 95 – ші полкке жіберді, оған екі жүзге жуық бала болып бардық, бәрі де өте жас болатын. Москвадан кетіп Воронеж деген қалаға жақындағанда немістің алты самолеті составты атқылап көп адамымыз шығынға ұшырады. Қалған жүзге жуық жаралысы бар, сауы бар жауынгерді қалың тоғай арасымен жаяулатып екі күн дегенде 127 - ші полкке әкеп қосты. Үш күн өткеннен кейін мені командиріміз дивизияға жіберді. Онда мен пулеметчик қылды. Соғыс зардабы кім - кімге де ес жиғызған жоқ. 1945 жылы соғыс аяқталса да, соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болды. Қаншама жауынгерлер жаралы оралса, қаншама адамдардың үйіне күн сайын қара қағаздар жіберіліп жатты...» Атам жанарын бір нүктеге қадағандай қатты да қалды. Бейне бір майданды кино лентасынан көріп тұрғандай... көз алдына елестеп те кеткен болар.
Атам 1950 жылы елге аман - сау оралып, үй іші қуанышқа кенеліпті. Ауылға келген соң қызу еңбектің ортасы теміржолда еңбек етіп жұмыс жасапты. 1952 жылы Жеңсікбай атам Шүкен әжеммен бас қосып, үлгілі жанұялардың бірі атаныпты. Үш ер бала мен екі қыз бала тәрбиелеп, оларды оқытып, елге сыйлы азаматтар болуына үлесін қосыпты. Кейінгі жылдарда Қарашоқат бекетінің кезекшісі қызметін атқарып, 1979 жылы жол жөндеуші болып жұмыс жасапты. Кәсібінен нәсібін теріп еңбегімен еленген атам осы қызметінен зейнеткерлікке 1985 жылы шығыпты. Ауылдағы үлкен жанұяға айналған отбасыдан балалары тарап, тамыры терең жайылыпты. Әр баласы бөлек - бөлек шаңырақ көтеріпті. 21 немересі, 13 шөбересі бар бүгінде. Жыл сайын көктеммен бірге келетін Жеңіс тойына омырау толы медалін тағынып жиындарға қатысып жас жеткіншектерге өз батасын беруші еді. Шіркін, өмірдің зулап, зымырап өтуін қарашы. Ол кез оралмасқа кетті.
Ақыл - кеңестің таусылмас қазынасындай боп үйдің төрінде отыратын тау тұлғалы атам 84 жасқа жеткен кезінде, 2010 жылы бұл дүниеден мәңгілік сапарға аттанды. Бұл қаза менің жаныма қатты батты. Амал не, әр күн сайын атамды еске алып сағынышымды басамын.
Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату - тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық а ң арман - тілегі. Бейбітшілік жасасын!
Объяснение:
Атам деген жерді көршім немесе жақыным деп алсаң болады