Қозы Көрпеш пен Баян сұлу аңызының ел аузында бірнеше нұсқасы жүр. Соның бірі әйгілі аңызды былайша өрбітеді: Кішкентайынан бірге өсіп, дос болған Сарыбай мен Қарабай әлі дүниеге келмеген балаларын атастырып қояды. Ұлы дүниеге келмей жатып Сарыбай аңшылықта қайтыс болады. Атастырылған Қозы мен Баян ер жете бір-біріне ғашық болады. Бірақ Қарабай сөзінде тұрмай, қызын бір кездері малын жұттан сақтап қалған палуан Қодарға беруді жөн көреді. Сөйтіп Қодар екі ғашықтың ортасына түседі. Екеуара шайқаста бірінші болып Қозының басы кетеді. Сүйіктісінен айрылған Баян кек алуды ұйымдастырады. Ол Қодарды алдап, егер ол құдық қазып берсе, оған тұрмысқа шығамын дейді. Қодар Баянның шашынан ұстап алып, құдықты терең етіп қаза бастайды. Құдық тереңдей бергенде, Баян шашын кесіп жіберіп, Қодарды құдыққа батырып, өлтіреді. Ал өзі өз-өзін қылыштап, бақилыққа аттанады.
(возможно неправильно )
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді. Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім « Мен оқуым керек» деп арланады. Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: « Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», - дейді. Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді. Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тындап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады. Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады. Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Жазуы тайға таңба басқандай болып шықты. Енді оған оқитын кітап керек болды. Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», - дейді. Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді. Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді. Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты. Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен. 1) Мәтін не туралы? Мәтінге атқой./1/2) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді? Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдап жаз./1/3) Мәтіндегі қарамен берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндір Сөз тіркестеріМағынасыбел жазбайтайға таңба басқандай4) Мәтіннен мына сөз таптарын тауып жаз./6/Сөз таптарыІ жақта тәуелденіп септелген зат есімБолымсыз етістікСын есімСан есімді тап және реттік сан етіп өзгертМезгіл үстеуі Шылау
Старинная легенда о трагической любви Козы Корпеш и Баян Сулу гласит, что некие друзья с детства Сарыбай и Карабай поклялись поженить своих детей, которых ещё до появления на свет обручили. Не дождавшись рождения сына, умирает во время охоты Сарыбай. Подрастающие Козы и Баян, ещё не видевшиеся, но связанные узами брачного договора, наконец полюбили друг друга. Проходит время и Карабай меняет жизненные планы. Он обещает отдать свою дочь за местного палуана Кодара однажды его отары от джута. Кодар становится преградой между влюблёнными. В этом вечном треугольнике первым сложил буйную голову Козы. Чтобы отомстить убийце, опечаленная Баян прибегает к хитрости. Она обещает выйти замуж за Кодара, если тот выроет для неё колодец с ключевой водой. Кодар принимается за работу, всё углубляясь и держась за длинные косы Баян. Девушка неожиданно отрезает косы и оставленный в колодце Кодар умирает. Тем самым Козы отмщён. На его могиле героиня легенды закалывает себя кинжалом.
Объяснение:
В конце написано как она умерла