Әдепті бала арлы бала
Халқымыз "Әдепті бала - арлы бала" деп бекер айтпаған. Әдептілік - қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі, ұлттық қазақи тәрбиенің ізгі бастауы. Игі әдеттен әдет - ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады. Қазақ халқы қашан да үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсеткен халық. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті болуға тәрбиелейді. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өсейік! Ер жеткен кезде ата - анамызды жерге қаратпау - біздің міндетіміз.
Әдептілікті өз басым әрқашанды үлкенді сыйлау, ал кішіге қамқор болу деп түсінемін және қолымнан келгенше барынша әдепті болуға тырысамын.
Менің қалам – Петропавл.
Менің туған қалам – Петропавл қаласы. Петропавл — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін.
Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан.
Бүгін біздің Петропавл — 222 шаршы км-ді алып жатқан Республиканың ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Онда 130 ұлт 205,9 мың адам тұрып жатыр. Қазіргі кезде Петропавл астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. «ТМД-ның үздік қаласы» көрме-конкурсына қатысып, үш грантқа ие болды, оның ішінде «Тарихи-мәдени мұраларды сақтағаны үшін» грантына лайықталды.
Соңғы жылдары Петропавл қаласы бидай өсіретін сонымен қатар бидай шығаратын 3 млн га бидай егілетін және бидай жинауда Қазақстан Республикасының 25 % өнімін құратын аймақтың орталығына айналды. Менің қалам екі маңызды темір жол магистралы: Транссібір және Трансқазақстан жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді? А) Махамбеттей батырға Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?! В) Кім аяққа басса заңын даланың- Ұмытқан қатал тарих сабағын... С) Туған елім –арман, мұңым, Енді сені жетелейді жол қалай?.. [1] Д) Мен сенемін, күні ертең Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем... 2. «Қонақтар» шығармасындағы басты көтерілген мәселе қандай? [1] А) ұлттық тілді құрмет тұту В) дұрыс армандай білу қажет С) ата-ана сағынышы мен арманы Д) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы 3. А. С. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді? А) халқының сүйікті ұлы болатынына В) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне С) келешекте алып ескерткіш орнататынына Д) орнатқан ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына [1] 4. –Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе... Берілген сөз тізбектері арқылы автор қандай мәселені алға тартып отыр? А) балаға дұрыс білім беру В) туған тілді құрметтемеу С) туған баласына көңіл бөлмеу Д) өзге тілді меңгеру қажеттігі [1] 5. М. Темірбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің негізгі идеясы қандай? А) Елді бірлікке шақыру, тұтастыққа шақыру. В) Жастар - тәуелсіз елдің ертеңі, ұлт болашағы. С) Тәуелсіздік - төккен қан мен асқақ арман жемісі. Д) Тәуелсіздік туының астына біріккен халықтың асқақ арманы. [1]
ответ:1.В)
2.Д)
3.В)
4.В)
5.С)
Объяснение: