alexkortyukov
?>

Баланы қалай сипаттайды? /Автор как описывает мальчика? Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен. Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен. Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты. Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.

Казахский язык

Ответы

mariy-inkina8

ответ:баланы солай сипаттайды

Объяснение:

natasham-716

Біржан мен Сара айтысы – өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан мен Сара айтысы айтыстың екі түрін де (қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы) толық қамтиды. Бір жағынан, бұл шаршы топта сөз таластырған саңлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздың дарынды айтысы болса, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақынның да айтысының үлгісі болып саналады.

Біржан да, Сара да – көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түскен табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, әнші ақын, сал Біржан деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, жаяу Мұса, Балуан Болақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан. Біржан көптеген ән шығарды. Оның «Көкшетау», «Жанбота», «Ләйлім шырақ», «Адасқақ», «Жамбас сипар» сияқты әндері – қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.

Біржанның басқалардан ерекшелігі – ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның даңқы – әуелде әнмен жайылған адам. Бірақ ол – әнді әрі шығарушы, әрі тамаша орындаушылығымен қатар, әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Біржан мен Сара айтысындағы асқақ, өр сөздердің түп-тамыры да осы қысқа-қысқа ән мәтіндерінде жатыр. Біржанның Сарамен айтысы – бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша сүйсініп тыңдайтын өлеңі болады.

mdubov59

ответ:

– саламатсыз ба,апай!

– саламатсыңдар ма,? көңіл-күйлерің қалай?

– жақсы.

– ендеше үй тапсырмасына не беріліп еді?

– компьютердің пайдасы мен зияны туралы ауызша дайындалып келу.

– жарайды,онда дайындалуға 5 минут берем.сонан соң сабақ сұраймын.

* * *

– ал кім маған компьютердің пайдасы туралы айтып береді?

– апай,мен айтайыншы!

– қане,айта ғой,бекет.

– компьютер,ең біріншіден,еңбек өнімділігін арттырады.яғни,аз ғана уақыт ішінде сіз іздеген ақпаратыңызды тауып,есеп жүргізіп,кесте сыза аласыз.компьютер арқылы соншама қашықтыққа қарамастан алыстағы қарым-қатынас жасай аласыз.үшіншіден,әрине,уақытыңызды көңілді өткізе аласыз.компьютермен фильмдер көріп,ойын ойнай аласыз.

– өте жақсы.отыра ғой, бекет.барлығың оған қосыласыңдар ма?

– ия!

– ал компьютердің зияны туралы кім сөз қозғағысы келеді?

– мен! мен!

– тынышталамыз,оқушылар! аяулым,сен айтып көрші.

– компьютер денсаулыққа біршама зияндық әкеледі.көп отырсақ,көзіміз белгілі бір қашықтықтан көрмей қалуы әбден мүмкін.дұрыс отырмаудың әсерінен омыртқа тірегі бұзылады.әрі компьютерден радиациялық сәулелер бөлінеді.көп отырсақ тамаққа деген тәбет бұзылады.ұйқы,зейін қою да баяулайды.және компьютерден тәуелді болып қалу мүмкіндігі де жоғары.

– жарайсың,аяулым! қосарларың бар ма?

– және де компьютердің әсерінен ң психикасы да бұзылуы мүмкін.

– дұрыс айтасың,диана.сонымен,егер уақытымен пайдаланып,арасында жаттығу жасап тұрсақ,компьютердің зиянын көрмейміз ғой?

– ия!

– жарайсыңдар.үй тапсырмасына барлығың да дайындалып келіпсіңдер.жаңа сабақ бастайық.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Баланы қалай сипаттайды? /Автор как описывает мальчика? Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен. Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен. Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты. Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

annashaykhattarova1
mayorovmisc6
pavpe4198
Александрович Василий
premiumoft
sahabiev1987
Светлана константин
Тариелович871
elena-ruzadom
heodbxbbshe
saytru5850
Olga1233
volodin-alexander
fakelel
kuzinnv1968