Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ОқылымДенсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.ТұжырымШынЖалғанАСаяхат кезінде дәрігердің кеңесі қажет емес.ВСаяхат кезінде денсаулыққа ерекше күтім керек.СЗаттарды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмексалынған қобдишаны алып жүрген дұрыс.[1]
Сарыжаз ауылында спорт десе ішкен асын жерге қоятын азаматтар жетерлік. Әлемдік додаларда көк туымызда көкке көтеріп жүрген Сарыжаздық спортшылармызда көп. Ауылдық округтің спорт нұсқаушысы Сембаев Жансерік ауыл жастарымен бірге мектеп спорт залында аптасына үш күн жаттығу жасайды. Сонымен қатар мектепте оқушыларға арналған шаңғы, қазақша күрес, бокс, дзюдо сынды спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары да бар. Заман талабына сай жасалған жаңа мектепте үлкен және кіші спорт залдары салынған. Мектеп директоры Иманбаев Айдоста спорттан алыс емес. Абу Мұрат, Тағаев Алмас, Рабат Мағжан, Спатаев Дәурен, Мұхаммедқалиев Бауыржан, Абай Мағжандар мектеп оқушыларына дене тәрбиесі бойынша дәріс береді. Бозбашаев Дүйсен боз кілемде қазақша күрестен әртүрлі жастағы балаларды жаттықтырады. Маратов Ерлік болашақтағы шаңғышыларды тәрбиелеп, ға шаңғы тебудің қыр-сырын үйретіп жүрген жаттықтырушы. Дзюдоға жазылып уақтылы шынығып жүр. Жас дзюдошылардың ұстазы Рақымбай Азамат. Сондай-ақ, Қазақбаев Ерқанат былғары қолғап шеберлерін бокс залында жаттықтырады. Болашақта әлем алдында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз арамыздан шығатыны баршаға мәлім.
Объяснение:
міне