Өскенде кім болғым келеді?
Мен ержеткенде журналист болғым келеді. Менің ойымша, бұл ең қызықты, қиын да қажетті мамандықтардың бірі. Есте сақтау қабілеті мен қиялың өте жақсы болу керек, сонымен қатар оқиғаларға тез жауап қайтару керек. Бұл үшін көп оқып, көп жаттығу керек. Сонымен қатар, газет - журналдарға жақсы мақалалар жазып, адамдармен тез тіл табысып және ұнай білу керек. Маған бұл жұмыс ұнайды, себебі мен жақсы журналист болсам, мен көп саяхаттай аламын, жаңа тілдерді үйреніп, басқа мәдениеттермен таныса аламын. Және менің ақшам көп болып, теңіз жағалауынан өзіме үй мен көлік сатып аламын. Бірақ әзірше бұл тек арман ғана.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, тұңғыш академик.Қаныш Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихтақалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақоқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясыныңнегізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялықмұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саясиорталығы екендігі де толық дәлелденген. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндерімен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болыпесептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығыменбірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендікжәне болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түстіжәне сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістікбаға берілді. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір жәнемарганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуынатікелей араласып, зор еңбек сіңірді. Қаныш Сәтбаев Қазақстан ғалымдарының зор армиясыныңақылшысы, тәрбиешісі болды. мәтінге катысты ой тужырымынызды жазыныз