vasilevich-F
?>

Воот текс пришлось конечно задачи решать для ​

Казахский язык

Ответы

Виктория-Марина626

Елдос далада серуендеп жүрген. Кенет ол тоғай арасынан жарқырап тұрған түрлі түсті оттарды байқады. Елдос ағаштардың арасымен ақырын барып қарады. Тоғай ішіндегі шағын алаңда үлкен тәрелкеге ұқсас бір ғажайып кеме тұр.

Бір кезде Елдос өзіне қарай келе жатқан екі өзге ғаламшарлықты көрді. Олардың бойы аласа, денесі ақшылт жасыл түсті, көздері үлкен екен. Елдос қатты қорыкты. Бірақ олардың біреуі:

-Сәлем, досым! Біз Шолпан ғаламшарынан келдік. Біз Жерге қарай ұшып келе жатқан үлкен метеоритті байқадық. Жерге қауіп төніп тұр. Мұны Жердегі барлық адамдарға хабарлау керек, - деді.

-Қалайша? Енді не істейміз? - деп айқайлап жіберген Елдос ұйқысынан оянып кетті.

Galina

Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, профессор Алтын Сәлімқызының есімі республикамыздағы музыкалық өнерді дәріптейтін қауымның ішінде кеңінен белгілі. Шығармашылық жолын сонау 1950-ші ж.ж бастаған ұстаздың еңбегіне ең басты мінездеме берілсе, ол кісіні «Кеңестік дәуірде және одан кейінгі ширек ғасырда академиялық бағыттағы ұлттық музыкамыздағы композиторлық өнер шежірешісі» деп айтуға толық негіз бар.

Өткен ғасырдың 30-шы ж.ж.-нан бастау алған жазба бағытындағы барлық көрнекті композиторларымыздың шығармашылығы қашан да А. С. Кетегенованың назарында болды. Олардың қаламынан шыққан үлкенді-кішілі музыкалық шығармаларға, суреткерлік келбетіне бірде анықтамалық, бірде кең көлемдегі шығармашылық портрет немесе монография ретіндегі еңбектерін арнаған Алтын Сәлімқызы өз заманында дүниеге келіп жатқан музыкалық шығармаларды, олардың жасаушыларын дер кезінде өнер сүйгіш қауымға таныстырып насихаттауға көп күш-жігерін жұмсады. Композиторымызға арналған бірқатар жинақтардың құрастырушысы әрі редакторы болып, өзінің әртүрлі буындағы және әр аймақтағы әріптестері-отандық музыкатанушылармен тығыз-қарым қатынас жасағанда, ғалым-ұстаз музыка авторларының шығармашылық келбетінің кеңірек ашылуын қалады.

Калмыкова-Петрунина

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеу­меттік орта. Отбасы белгілі дәстүр­лер­дің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отба­сында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.

Адамның жеке басының алғашқы қа­лып­тасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғаш­қы адам­гершілік белгілер отбасында қалып­тасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақ­талып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адам­­ның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қаты­наста, мәде­ниеттілікті тәрбиелеуде отба­сы­ – алғашқы қадам. Сондықтан отба­сы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өз­гер­­туге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сый­­ластық, жарастық орнаған орта. От­ба­сы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының ең маңызды қызмет­те­рінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге кел­тіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеумет­тік-мәде­ни ортаның құндылығын қабылдат­тыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұр­пақ­қа жеткізу, бойына сіңірту, яғни бала­ларын өздерін қоршаған ор­таға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды мінде­ті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүше­лерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұры­сы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бүгінде құл­дырауға ұшырауына байланыс­ты қо­ғам­­да бірқатар керітартпа әрекеттің пай­да бола бастағанын байқауға болады

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Воот текс пришлось конечно задачи решать для ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*