Қоршаған ортаны қорғау
Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.
Табиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.
Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.
Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.
Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұракты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және кешкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және баска да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аякталғанынан кейін шурфтарды және баска косымша казылған жерлерді калпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.
Табиғат ресурстары адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ұлттық спорт ойындары.1. ұлттық ойын түрлерін анықта1….- екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады.2….Ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құрылған.3…-алаң ортасынан көлденең сызық сызылады, ұзын жіп немесе арқан керек.4…. – бұл –елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту.5….-ойынға 4- қатысады.Ойынға 10 асық алынады.6…. – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып, бірін-бірін қуады.7…. –жігіттер мен қыздар түнде жиналып, ойналатын ойын түрі.8…. –белгіленген қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады.Ойыншылар шауып келе жатып, шүберекті алу керек
1күрес
2нарды
3арқан тартыс
4алты бақан
5асық ату
6қыз қуу
7ақ сүйек
8теңге алу
Объяснение: