Абылай ханның сыртқы саясаты.
Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты. Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді. Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақша күрес жайлы білетініңді жаз сауат ашу
Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. Қазақ күресінің атасы Қажымұқан.
Объяснение:Қазақ күресінің техникасы:
Шалып лактыру — техникалық арсеналында жетекші орындардың бірін алады. Оның алдыңғы, артқы және бүйір шалу сияқты түрлері бар. Әдіс бір аяқтың астына да екі аяқтың астына да орындалады. Шабуылдаушы балуан қарсыласын өз қойған аяғын арқылы арқасына лақтырады.
Кағып лақтыру — алдыңғы, артқы, бүйір және іштен қағып лақтыру деп бөлінеді.
Иліп лақтыру — самбо терминологиясында бұл — сирақтың ілмектері.
Лақтыра жығу — бұл лақтыру кезінде, аяқ (аяқ) қарсыластың алдынан немесе аяқтың артқы бөлігі ішінен кіру арқылы лақтыру.
Арқадан асырып лақтыру — бұрыла лақтыру. Самбо терминологиясында — арқа арқылы лақтыру. Қарсыласына арқасымен бұрылу есебінен - кейін иіліп не лақтырған жағына алға қарай жығылып орындалады.
Еңкейіп лақтыру — еңкейіп лақтыру. Күшті балуанның физикалық күші үшін тәсілдер. Көбінесе қарсы әдіс ретінде қолданылады, сол мезетте қарсыласының иық арқылы балуанның белін басып алуға тырысқан кезде орындалады. Осы сәтте лақтыруды жүргізетін балуан басты қимылдатып бұрын кенеттен дене тұрқын, аяқтағы тізе буындарын түзетуі тиіс және қарсыласын өзіне қаратып, содан кейін денені алға күрт көлбеулетіп және тізені төмен тастап есебінен көтеру керек.
Котермелеп лақтыру — үстіне отырғыза лақтыру. Қазақ күресінде тарихы терең белгілі әдіс. Сыртынан және ішінен отырғызу арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалады.
Айналдырып лақтыру — шыр айналдыра лақтыру. Қатаң тәсілдер, қазақ күресінде ежелден белгілі. Күші көптер қарсыластарын иық деңгейіне, тіпті одан да жоғары бас деңгейіне көтереді, олардың айналдыра әр түрлі тәсілдер орындаған: оларды қойылған жамбас, арқа арқылы тастаған, немесе сыртынан іліп алу арқылы лақтырған. Бұл техниканы меңгерген балуаннан қарсыластары қорқатын. Кейбір физикалық әлсіз балуандар осындай лақтырудан кейін жарақаттар алған.
Тонқалана асып домалай лақтыру — домалай лақтыру. Белден екеуі де ұстасқан кезінде жүргізіледі, шабуылдаушы лақтыруды орындай отырып, бір жағына қарсыласты ала отырып, қолдың күш-жігері арқасында оны өзіне қарай лақтырады және арқасымен ұстап қалады.
Кеудеден лақтыру — бүгіле лақтыру. Самбо терминологиясында — кеуде арқылы лақтыру.
Орап лақтыру — cамбода бұл ілмек тәсілдердің бір түрі.