Метеор (грек.meteora – атмосферада және аспан әлемінде болатын құбылыстар) – ғарыш кеңістігінде қозғалатын аса үлкен емес қатты дене.
Метеор екі түрге (темір және тас) бөлінеді. Ол атмосфераға еніп, онымен әсерлескен кезде бастапқы массалары өзгереді. Сол кезде метеорлық денеде иондалған із пайда болады. Ол қараңғы аспанда тез қозғалып, жұлдыз тәрізді болып көрінеді де, бір сәтте жоқ болып кетеді. Сондықтан да оны ертеде халық “ақпа жұлдыз” деп атаған. Олардың кейбір жарықтары жер бетіне метеорит болып түсуі мүмкін. Метеорлар Жер атмосферасымен әсерлескенде метеор ағыны байқалады, ол ағынның ішіндегі жылдамдығы күштілерін метеор жауыны деп атайды. Метеор жайлы ғылым метеор денелердің атмосферамен әсерлесуін және метеор ізіндегі процестерді, планетааралық кеңістіктегі метеор затының қалай пайда болғандығын, оның құрылысын, онда болып тұратын өзгерістерді қарастырады. Метеор өте ерте заманнан белгілі, ол жайында аңыздар да көп. Б.з.б. 2000 ж. Ежелгі Египетте ең алғаш жазылып қалдырылған құжаттарда ғана дұрыс мағлұмат берілген. Ежелгі грек философтарының кейбіреулері метеорды Жерге ағып түсіп, сөніп қалатын, көрінбейтін жұлдыз десе, басқалары метеорды қатты қызып шытынаған Күннің сынығы деген ойлар айтқан. 19 ғ-дың аяғына дейін метеорды көзбен ғана бақылауға мүмкін болса, ал 20 ғасырдың орта шенінде оны телескоп арқылы бақылауға қол жетті. Осы кезден бастап фотоға түсіру және радиолокациялық тәсіл қолданыла бастады. Метеорға фотоэлектрлік, электронды-оптикалық және теледидарлық бақылаулар жүргізілетін болды. Метеорлық денелер Күнді айнала эллипстік орбита бойымен қозғалып, атмосфера қойнауына 11-ден 73 км/с-қа дейінгі жылдамдықпен енеді. Атмосферамен әсерлесуі оның массасына байланысты. Массасы ~10–9 г-нан аз болатын өте ұсақ метеор денелер 110 – 130 км биіктікте тежеліп қалады, олар тез буланып үлгірмей Жер бетіне микрометеориттер түрінде түседі. Ал массасы 10–9 г-нан үлкен метеорлық денелер атмосфераға терең еніп, жоғары темп-раға (беткі қабаты –104К) дейін қызып, түгелдей жоғалып кетеді (шашырайды немесе буланады). Массасы ~10 граммнан артық аса жарық метеорлық денелер болидтер деп аталады. Тозаңдану нәтижесінде өзінің бастапқы массасынан айырылған ұсақ метеорлық денелер жер бетіне өте ұсақ метеориттер түрінде (жылына 104 – 105 т) келіп түседі. +1-ден –10-жұлдыздық шамаға дейінгі жарық метеордың спектрлерін зерттеу нәтижесінде метеордың молекулалық жолақтары әлсіздеу келген спектрлердің ашық эмиссиялық сызықтарын шығаратындығы анықталды. Метеордың спектріндегі мұндай сызықтар ұе, Nа, Мg, Мg+, Са, Са+, Сr Sі+, N, О атомдары мен иондарында болады. [1]
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді оқып оның қандай стильде екенін анықтаңыз және ерекше сөз қолданыстарынан мысал келтіріңіз
Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында “Қазақстан және қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер” атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған ғылыми конференция аясында “Президент Н.Ә.Назарбаев және бүгінгі Қазақстан” атты үш томдық құжаттар жинағының тұсаукесері өтті. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұжымы дайындаған “Президент Н.А.Назарбаев и современный Казахстан” атты орыс тіліндегі бұл еңбектің алғашқы томында негізінен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ең маңызды мәселелер және сыртқы экономикалық ахуалға байланысты ой-түйіндер мен пікірлер жарияланған.