gr1schinanata
?>

Әдептілікке, мәдениеттілікке қатысты эссе жазыңыздар.​

Казахский язык

Ответы

alanatan5757

Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдепталаптарын мінсіз орындауы. Қазақхалқының дәстүрлі дүниетанымында Ә-ке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби“Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Ә-ті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық Ә. ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырады. М. Жұмабаев 1922 жылы жазған “Педагогика” оқулығында Ә. пед. сендіру, мәдениеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екенін айтқан. Пед. ғылымында Ә. гуманистік Ә., демократиялық Ә. және діни Ә. болып бөлінеді. а) Гуманистік Ә. — оқу-ағарту жүйесін және жоғары мәдениеттілікті арттыруға негізделген; б) Демократиялық Ә. — қоғамның рухани дамуы мен экон. жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады; в) діни Ә. — гуманистік және демократиялық Ә-ті жүзеге асырудың бір тірегі болып табылады.[1]Мәдениеттілік[1] – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әде йесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамныңұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытуы — мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерден құралады. Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көргенділік таныту, жан мен тән тазалығы, мұның барлығы Мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық-эстететикалық, заңи, саяси, тағыда басқа талаптардың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында Мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арнасында дамыды.

oafanasiev41

Əдептілік

Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау əдептіліктің белгісі болып табылады.Ата-ананы сыйлау,оларды қадірлеу,ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі.Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай,ізет көрсете білу,қажет кезде озіңді ұстай білу халық дəстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Адам-ең бірінші адамгершілігімен,əдебімен көрікті.Əдептілік-өзіңді əр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне,эстетикалық,этикалық талаптарға сай өзін ұстай білу.

Адам мəдениеті жоғары болған сайын,оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпай бола түседі.

Vladimirovich58
Астана - бас қала
Мен үшін біздің елордамыз - әлемдегі әсем де көркемдікке толы жас қала. Тарихи деректерге сүйенсек 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Әлемдегі екі астана атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары. 
Астананың көрікті жерлерімен барлық халқымыз таныс деуге де болады, ол бәрімізге танымал - "Астана-Бәйтерек" манументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Сулы-жасыл жолжелек, Ақ Орда, ҚР бірінші  Президентінің мұражайы, «Думан» ойын-сауық кешені, "Хан шатыр", "Мега", "Сарыарқа" және т.б. сауда-ойын-сауық орталықтары.  
Бұл аз да болса ел жетістігі, алда Астананы әлі де үлкен белестер күтуде. Солардың бірі - EXPO 2017
ЮлияНиколаевна1748

Қыран құсты қастерлеген халықпыз.

Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол  батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Әдептілікке, мәдениеттілікке қатысты эссе жазыңыздар.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Евгений1286
Anna-Miron
mtcover
Станислав Валерий1696
Freelifecool797
Valeria123864531
annakuzina2023
Artak96993298
airon-082054
Сергеевич1386
slastena69678
purbuevat56524
afilippov3321
smakarov76
delfa-r6289