Қазіргі қазақ театрларына бұрынғыдай емес, көрермен көп баратын болды. Мұның сырын немен түсіндіруге болады? – «Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғары интенция» деген екен орыс философі Александр Герцен. Мұндағы «интенция» деп отырғанымыз зат бейнесінің ойда сақталуын сипаттайтын идеалистік философиялық ұғым. Рас-ау, кейде адам біртүрлі күйге енеді: санасында түсініксіз сан сұрақ пайда болып, ішкі жан-дүниесі белгісіз бір нәрсені қалап тұрады, өртеніп, опық жеп жүргендей сезінеді. Осындайда адам мазасыз күндерінің, ұйқысыз түндерінің себебін білу үшін, сауалына жауап алу үшін театрға келеді. Қоғамда мейірім – тапшы, махаббат – жалған. Осы сезімдердің керемет үлгісін көріп, рухани азық алып қайтады. Сол себепті де, адамдар театрға қойылым тамашалайды
cardiodoc08
24.11.2020
Қазақ – дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез-құлқын, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама- Ахмет Байтұрсынов қазақтың Құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ дәстүрді білмегенді,сыйламағанды надан,тәрбиесіз,көргенсіз дейді. Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә,бірақ әбден орынды баға.Ұлттық салт-сана,дәстүр,әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды,жас ұрпаққа үйретеді. Салт-дәстүрді сыйламағандар ауыр жазаланады.Ата-баба дәстүрін,ғұрыпты аттамайды.Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. Бұл - ел-жұртыңды сыйлағаның. Қазақтың туыстық,құда-жекжаттық,той-томалақ өткізу,өлім жөнелту,аруақ сыйлау, үлкен-ді,ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып,келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу,тоқтау, обал-сауап, дастархан,шаңырақ, қонақ сыйлау, т.б. салт-дәстүрлерінде қаншалық адамгершілік, ізгілік, көрегендік жатыр десеңізші. Осындай дәстүрлерімізді ардақтап, қадір тұтуға ақыл-парасаты,мәдениеті, білім-білігі жетпеген жетесіз надан,көргенсіз болмағанда не болады?!
Arzieva Abdulmanov1438
24.11.2020
Өткен жұмада . деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншыр орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандарда темір тордың ішінен орын алыпты. Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайраттырып отыр. магат саяхат оте катты унады.