Менің отбасым
Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз.
Атам мен әжем зейнеткерлер. Зейнетке дейін атам мал дәрігері, ал әжем есепші болып жұмыс істеген.
Әкемнің аты - Олжас, жасы қырықта, қаржыгер болып жұмыс істейді. Анамның аты - Алуа, жасы отыз сегізде. Анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.
Ағамның аты - Сабыржан, жасы жиырмада. Сабыржан университетте білім алуда, болашақ заңгер. Мен мектепте оқимын, жасым он төртте. Қарындасымның есімі Аяужан, ол үшінші сыныпты оқиды.
Біз отбасы болып демалғанды ұнатамыз. Демалыс күндері ауа райына байланысты не серуенге шығамыз, не бәріміз ойын ойнаймыз. Ата - анамыз бізді салауатты өмір салтына сай тәрбиелеуде.Бәріміз де спорттың әр түрімен айналысамыз. Ағам бокспен шұғылданса, мен жеңіл атлетика үйірмесіне қатысамын, ал қарындасым жеңіл атлетика үйірмесіне қатысады.
«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1 Күрделі етістікті табыңыз. A Жаз бойы. B Ақ үй. C Барып кел. D Көріпкел. E Алтыбақан. 2 Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз. A Теңіз толқыны күшейді. B Су жағаны жуып кетті. C Арман, сен мұнда келші. D Ай көрінбейді. E Орманда гүлдер көп. 3 Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді белгілеңіз. A Бәйтерек- өте биік ағаш. B Үйге кір, балам, шай ішіп кет. C Қарағым, қашан келдің? D Бүгін сабаққа дайынсың ба, Абай? E Әжем сандықты ашты. 4 Қаратпа сөзі бар сөйлемді белгілеңіз. A Балалар, оқулықтарыңды ашып, тапсырманы орындаңдар. B Тақтаны сүртті. C Гүлді оқушылар отырғызды. D Астық жиналды. E Алма сурет салды. 5 Тұйық етістікті көрсетіңіз. A Қуу. B Жабық. C Күл. D Түне. E Кірген. 6 Түбір сөзді табыңыз. A Қоныстан. B Қондыру. C Қону. D Қон. E Қоныстану. 7 Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз. A Бізде бүгін алты сабақ болады. B Ертең суық болады. C Сен киноға барасың ба? D Айман, сен келесің бе? E Бүгін жаңбыр жауды. 8 Көсемшенің жұрнағын анықтаңыз. A –ар, -ер, -р. B –мақ, -мек. C –а, -е, -й. D –ған, -ген. E –атын, -етін, -итын. 9 Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз. A Автобусқа бір бала кірді. B Айнаның үйі ауылда. C Мен бүгін сағат жетіде тұрдым. D Құдияр үйге кірді. E Алма, сен бізге келесің бе? 10 Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз. A Кеше жаңбыр жауды. B Сенің атын қалай, балам? C Қап, әттеген-ай! D Асқар, бүгін күн жылы ма? E Оян, қазақ! 11 Қаратпа сөзді сөйлемді белгілеңіз. A Теңіз толқыны күшейді. B Су жағаны жуып кетті. C Арман, сен мұнда келші. D Ай көрінбейді. E Орманда гүлдер көп. 12 Қаратпа сөзді сөйлемді анықтаңыз. A Балалар, кешке мектепте жиналыс болады, кешікпей келіңдер. B Отан қорғауға дайын болыңдар! C Меніңше, бұл-өте жақсы оқушы. D Сіз менің айтқанымды түсінесіз бе? E Сабақ аяқталды. 13 Қаратпа сөзді сөйлемді анықтаңыз. A Жаңбыр жауды. B Шаңқай түс. C Ботагөз, сен бүгін киноға барасың ба? D Күн нұрын құйып тұр. E Олар асығыс жүріп кетті. 14 Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз. A Ол, сірә, бүгін келмейді. B Кел, балалар, оқылық! C Мен дүкенге бардым. D Піскен алма жерге түсті. E Паһ, шіркін! 15 Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз. A B –па, -ма, -па, -па C –ба, -бе, -ма, -па D –бе, -па, -ме, -ма E –ма, -па, -пе, -ме F –па, -ма, -па, -ме
1 С
2 С
3 В
4 А
7Д
9 Е
10 Д
11 С
12 А
13 С
14 В