диалог "Біз отбасында Наурызды қалай қарсы аламыз?"
- Сәлеметсіз бе, Алма!
- Қайырлы күн, Перизат! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!
- Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
- Айтқаныңыз келсін! Бүгін не істейсіздер?
- Отбасымызбен алаңға шығып, мерекелік іс шараны көреміз. Балалар алтыбақан тебеді. Киіз үйлерге кіріп, наурыз көже, шелпек пен бауырсақтан татып көреміз. Өздеріңіз ше?
- Біз бүгін үйде наурыз көже дайындаймыз. Кешкісін біздің үйге соғыңыздар, дастарқан жайып, мерекені бірге тойлайық?
- Көп рахмет. Әрине, келеміз.
диалог "Біз отбасында Наурызды қалай қарсы аламыз?"
- Сәлеметсіз бе, Алма!
- Қайырлы күн, Перизат! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!
- Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
- Айтқаныңыз келсін! Бүгін не істейсіздер?
- Отбасымызбен алаңға шығып, мерекелік іс шараны көреміз. Балалар алтыбақан тебеді. Киіз үйлерге кіріп, наурыз көже, шелпек пен бауырсақтан татып көреміз. Өздеріңіз ше?
- Біз бүгін үйде наурыз көже дайындаймыз. Кешкісін біздің үйге соғыңыздар, дастарқан жайып, мерекені бірге тойлайық?
- Көп рахмет. Әрине, келеміз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оқушылар арнайы терминдер, сөз оралымдары, мәтін үзінділерін басшылыққа алып, «Біз қандай елміз!» тақырыбында эссе жазады.
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер, - деп, Мұқағали атамыз жырлағындай, ұшса құс қанаты талатын өр Алтай мен Ертіс алабын алып жатқан ұлан-ғайыр, байтақ өлкені мекен еткен қазақ елі. Қазақ елі – билерше салмақтасақ, «Біз – мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау ба деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз». Дауылдан соң желкенін қайта түзеп, қатты толқынына қарамастан жағаға жетіп, арман-мақсатына беттеген қайық секілді бүгінде еліміз тарих толқынында жүзіп келеді. Сан ғасырлар бойы тар жол тайғақ кешуді басынан өткерген қазақ елі тәуелсіздікті тұғырына қондырып, тұғырын биік етіп, бейбітшілікті ту еткен зайырлы мемлекетке айналды. Бұл күнге қалай жеттік деген сауал кімнің де болса көкейінде тұрары анық. Иә, расында бүгінгі бейбіт күнге қалай жеттік?
Тарих толқынына көз жіберсек, қазақ елінің іргесін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың ерен еңбегі ұрпақтардың есінде. Елім деп еміренген, елінің басына күн туғанда толарсақтан саз кешкен батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сынды батырларымыздың арқасында алпауытты жаулардан аман қалдық. Тарыдай шашылған үш жүз қазақтарының басын бір тудың астына біріктіре білген Абылайдай хандарымыздың салиқалы ел басқаруының арқасында шаңырағымыз шайқалмады. Өткір тілдің көсемі, буыршынған тілдің шешені, аста-төкте қызыл тілге дес бермей ел мен сыртқы саясатының шиеленіскен мәселелерін Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды би-шешендеріміздің елі үшін емешегі езіліп, болашағына күңіренген ақыл-парасат иелерінің еткен еңбегі ерен. Бертін келе Ресей патшалығының бізді отарлауына қарсы шығып, қылышын сермеген Сырым Датұлы, Кенесары, Махамбет пен Исатай секілді айбынды, нарқасқадай ерлеріміз кеудесін оққа төсеп, жанпидалық етті. Сонау Ұлы Отан соғысында елінің болашағы мен амандығы үшін қолына қару алып, майдан қатарында қан кешкен боздақтарымыздың есімі тарих бедерінде алтын әріппен жазылып қалмақ. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»,- деп, елінің болашағы үшін шыбын жанын құрбандыққа шалған А.Байтұрсынұлы сияқты ағартушы, зиялы қауым өкілдері Ә.Бөкейханов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы, Т.Рысқұлов сынды елдің көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз қараңғы қазақ көгіне күнді шығарамыз деп, осы жолда құрбан болды. «Ел болам десең бесігіңді түзе»,– деген М.Әуезов ұлты үшін көрегенділік танытып, болашағы үшін игі істердің бастамасы болып еді.
Желтоқсанның сол бір қаһарлы күнінде елінің болашағына алаңдап, тағдырына күйзелген жауқазындай Ләззат, Сәбира, Қайрат сынды жас өрендеріміз қыршыннан қиылды. Міне, тәуелсіздік ақ найзаның ұшымен, батырлардың білек күшімен, боздақтардың қанымен келгенін ұмытпағанымыз абзал. Қазіргі таңда сан ұлтты бір шаңырақ астына алып, тәуелсіздікті мызғымас тірегіне айналдырған еліміздің тарихы осындай. Тар жол, тайғақ кешуден өтіп, небір қиындықтарды басынан өткерген қазақ елі Азияда ойып тұрып орын тепкені мәлім. Басқаға жалтақтап, бодан болар күннен кеттік. Бар байлық, қазынамызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігін тең етіп ұстар дәрежеге жеттік. Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр кезеңдерін артқа тастап, қиын белестерінен өтіп, биік асуларын бағындыра білдік. Енді, қазақ елін әлемге паш етіп, атақ-даңқын асқақтата білуіміз қажет.