«Оливье» салатын дайындау тәсілі.
«Оливье» салаты әдетте Жаңа жыл символы саналып, көп отбасыларында Жаңа жыл қарсаңында көп мөлшерде әзірленеді. Әркімнің бұл салатты жасау тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. Төменде біздің үйде жасалынатын рецептпен бөлісемін.
Керекті азық – түлік:
Картоп 3 – 4 дана (орташа);
Сәбіз 2 – 3 дана (орташа);
Жұмыртқа 6 – 8 дана (бірінші категориялы);
Шұжық (колбаса) немесе піскен ет 400 гр.
Тұздалған қияр 300 гр.
Көк бұршақ 1 құты
Майонез 4 – 5 ас қасық.
Тұз қалауыңыз бойынша.
Дайындалу барысы:
Алдымен жұмыртқаның сыртын жуып, үлкендеу ыдысқа картоп, сәбізбен бірге салып, су құямыз да, оны пешке қоямыз. Ол қайнағаннан кейін, отты ақырынға қоямыз да, 15 – 20 минут шамасында пісіреміз. Көкөністер піскенше шұжық пен тұздалған қиярды кішкене текше пішіндес етіп турап, үлкен тегешке саламыз. Піскен көкөністер суыған соң, оларды да кішкене текше пішіндес етіп тураймыз. Жұмыртқаның сыртын тазалап, оны да турап, тегешке саламыз. Бір құты көк бұршақ пен майонезді қосып араластырамыз. Дәмін көріп, тұзы аздау болса, сәл тұз қосамыз. Дайын салаттың бетін жауып, бір – екі сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Салқын күйінде дәмдірек. Астарыңыз дәмді болсын!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
. Мәтіндегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыздар.Вместо точек вствьте нужные слова данные ниже. Денсаулық – байлық негізі. Денсаулықтың қадірін білу керек. Ол үшін дұрыс тамақтануды, дене қимылымен айналысуды күнделікті қажет. Егер майлы тамақтарды көп жесең, жақсы жағы - қарныңды , жаман жағы – немесе пайда болады. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Таңертең спортпен айналысу - денсаулықты жақсартады, береді. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күнде жарты сағаттай саябақта жүгіру ағзаға өте пайдалы.Керекті сөздер: артық салмақ, әдет, семіздік, күш-қуат, тойғызады это казахский
Күнделікті күш-қуат береді.
Жақсы жағы - қарныңды тойғызады жаман жағы - семіздік немесе артық салмақ пайда болады.
Таңертең спортпен айналысу - денсаулықты жақсартады, әдет береді.