ответ:Менің ойымша, Абайдың жастарды оқу-білімге шақыруы өзекті мәселелердің бірі. Алайда, оны жастардын қабылдап жатқандары да елемей жатқандары да аз емес. Абай атамыз жастарды жақсылықка, білім-өнегеге, әр-ұждан мен сабырлықка шакырар көпке үлгі.
Абай Құнанбайұлын зерттеуші ғалымдардың оны "халық ұстазы" деп тануы бекерден-бекер емес,деп ойлаймын.Шынында,ақынның шығармашылық мұралары - халықтың рухани қазынасы,тәлім-тәрбие өзегі.Ақын бар ойын ел болашағы жастарға арнаған еді.Негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеуді мақсат тұтты.Сонымен қатар,өзін түгелімен ғылымға арнап, бірнеше тіл біліп,елімізде ғана емес,шет елде белгілі боп жүрген жас өрендер де жоқ емес.Соларға қарап өзің де бір марқайып қаласың.Білімді жастар саны көбейе берсін дегім келеді.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
https://bittube.tv/post/81c201fe-cabe-4a76-af59-20f2424dfa05 https://bittube.tv/post/6574255a-3c96-4791-ba50-f3e69bf2d351 https://bittube.tv/post/edb97e17-edc2-4ab9-b96d-ca7c8ee4b35a https://bittube.tv/post/b12e5160-3aed-4459-a0f5-417ce38724eb https://bittube.tv/post/bfb9fce8-79b3-4ca3-a86a-33fd5e44d01e https://bittube.tv/post/cebec8a4-5104-4d4e-9bb6-4d292f4835b9 https://bittube.tv/post/f0a8fa30-bcd7-48cb-bc14-3fe30d9468c0 https://bittube.tv/post/ac63daf4-1933-46b9-bcf9-00b96ca3bb32 https://bittube.tv/post/76b2a6e6-5bd7-485f-90d8-7034af22d597 https://bittube.tv/post/efb11b32-f0f9-4449-8940-4ff4eb3b5af3 https://bittube.tv/post/63b22eb8-43df-49f1-9276-9f9867356e02 https://bittube.tv/post/87f74aac-6d92-4ab3-81a0-8353d19bc261 https://bittube.tv/post/f6e95c76-a01b-4d86-9ac2-68f3f236ae1c https://bittube.tv/post/256fd77c-c115-41c6-b60a-ca08fccff268 https://bittube.tv/post/a06d9fcd-3c08-45e9-a1f3-6e8038cdd315 https://bittube.tv/post/b3c6249a-ce27-4819-aefa-6317193678a7 https://bittube.tv/post/0ba8c020-bce0-4f51-addb-c2bab8236d9f https://bittube.tv/post/5b455ca2-600e-4d54-9852-37f82085b34b https://bittube.tv/post/180b0709-1748-4e1d-934a-7c540b936446 https://bittube.tv/post/1a3dd5b3-5584-4cde-b5bb-a0a2286826f7 https://bittube.tv/post/20e5e144-dd8e-4ad3-bc23-bddb010098fc https://bittube.tv/post/5ba261ec-b657-414f-916f-05626bc89bcd https://bittube.tv/post/b4553a22-b167-4c7b-9106-0759a7e21504 https://bittube.tv/post/9aef862e-38e6-46e2-9ce2-9bdce1645b1b https://bittube.tv/post/67556878-4753-4bac-8565-e87a24b8862f https://bittube.tv/post/94f24f05-aee9-4b67-bdaf-e452da4e26d9 https://bittube.tv/post/84596396-6015-4d73-a467-4f2c40cdea95
Жеті саны.
Сан мыңдаған дәуірді өткерген дана халқымыздың дәстүріне сай киелі ұғымдар бар. Соның бірі 7 саны. Барлығымызға білетіндей жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. мысалға келтіруге болады. Тіпті ерте замандардан бері қарай осы бір санның бойында тылсым құпия бар деп айтылып келеді. Ол қандай құпия? Оны әлі ешкім білмейді, әлі күнге дейін бізге жұмбақ. Қазақ халқы жеті санын киелі деп санап, өзінің дүниетаныма арқау етіп келеді. Сайтымызда жеті саны туралы көптеген материал жазылды. Бүгін онда қамтылмаған бірнеше деректі ұсынуды жөн санадық. Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы "Жеті жарғының" да жеті болуы тегіннен тегін емес.
Адамның жеті жетекшісі жайлы кезінде Саққұлақ би айтып кеткен екен.
7 жетекші.
1. Адамның басшысы ақыл.
2. Жетекшiсi талап.
3. Жолаушысы ой.
4. Жолдасы кәсiп.
5. Қорғаны сабыр.
6. Қорғаушысы мiнез.
7. Сынаушысы халық.
Бұдан бөлек, 7 күн мен 7 ғалам бар.
7-күн
1. Бүгін.
2. Ертең.
3. Бүрсігүні.
4. Арғы күні.
5. Ауыр күн.
6. Азына күн.
7. Соңғы күн.
7 ғалам.
1. Күншығыс
2. Күнбатыс.
3. Түстік.
4. Терістік.
5. Аспан жоғарғы ғалам.
6. Жер ортаңғы ғалам
7. Жер асты төменгі ғалам.
7 амал.
1. Күннiң тоқыраүы.
2. Қарашаның қайтуы.
3. Үркердiң батуы.
4. Мұздың қатуы.
5. Киiктiң матауы.
6. Қыс тоқсан.
7. Ай тоғамы.
Халқымыздың жетіқарақшы жұлдызы туралы да наным түсінігі бар. "Жетіқарақшы" сөзін "жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші" деп түсінгеніміз абзал. Ел жадында сақталған "Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада " деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз жетіқарақшыны аспан сағаты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеп, ауа-райын болжаған. Жетіқарақшы.
1. Дубхе (Ерік)
2. Мерак Жігер)
3. Фекда (Қайрат)
4. Мегрец (Қуат)
5. Алиот (Ырық)
6. Мицар (Құдірет)
7. Алькаид (Дес)
Тағы айта кетерлік дүние қазақ халқында "жеті шелпек" деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: "Қабыл болсын", дейді, таратушы: "Әумин!" деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: "ата-бабаларға тие берсін" деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын "Жеті нан әрқашан әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді", дейді. Ал, жапондықтардың ойынша "жеті" саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты жетінің киелі ұғымы немесе өзге де жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол, т.б. халықтарда да бар. Демек "жетінің" киелі мән алуы түркі халықтарына ғана емес, басқа халықтарға да тән құбылыс. Мәселен, Қытай мәдениетінде де "жеті" саны киелі сан. Қытайлар адам қайтыс болғаннан соң 7-ші, 21-ші күні, 49-шы күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар "жетісі", "үш жетісі", "жеті айы" деп атап "аруақтар күндері" деп есептейді. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, "Алпамыс батыр" эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама... Қорыта айтқанда, "жеті" қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әрқайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы, т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз, т.с.с болып кездеседі. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса дана адам болып есептеледі.