Шығарма.
Жамбыл Жабаев.
Мен "Қазақстанның атақты адамдары" деген тіркесті естігенде, әуелі ойыма оралған екі ғасыр куәсі, жаршы Жамбыл атамыз болды.
«Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» деп жырлаған қазақ халық поэзиясының алыбы, біртуар дара тұлға, өлең сөздің дүлділі, жыршы, жырау, ақын Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында дүниеге келген. Екі ғасырдың куәсы болған ұлы жыршы жоқшылықта өмір сүрген. Есін білген соң әкесі оны ауыл молдаларына сауатын ашуға оқуға берген екен, бірақ молдалардың өзіне көрсеткен қорлықтарына шыдай алмаған Жамбыл оқуын тастап кетеді. Дегенмен, жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
Жастайынан домбыра үйреніп, ақын болуды армандайды. Тіпті, ежелгі дәстүр бойынша Сүйінбай ақынға барып сөзін сынатып, оның батасын алған. «Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлейтін сыйынбай» деп өзі жырлағандай, Сүйінбайды үлгі тұтқан, ұстаз санаған.
Жамбыл өзінің ақындық өнерін көбінесе айтыстар үстінде көрсете білді. Жамбылдың айтысында ру мүдделерінен гөрі халық мүдделері тереңірек көтеріледі.
Екі ғасыр куасы болып, жүз жасаған, сағы сынбаған, ұлы дала жыршысы атанған бұл өміршең халық жыршысы қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Нымызға дейінгі 11 000 жыл бұІ күні оның тереңдік деңгейі біздібірдей.1. Чад көлінің қазіргі кездегітереңдігі қандай?2. 5-суреттегі графиктің бас-тапқы нүктесіне қай уақыт ке-
1.Тереңдігі:78ге дейін барады