Ас, тағам туралы жұмбақтар:
1. Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ,
Қоз бен шоққа ораса,
Дәм пiседi тамаша. (Таба нан)
2. Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен? (Шай)
3. Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел, елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес. (Тұз)
4. Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан. (Айран)
5. Әрі сусын, әрі дәрі,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі. (Қымыз)
6. Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады. (Пияз)
7. Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ. (Жұмыртқа)
8. Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн. (Тұз)
9. Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. (Таба нан)
10. Ең мықты дәрi,
Жұрттың бәрi.
Аусап iшер,
Бал татыр дәмi,
Ненiң нәрi. (Шұбат)
11. Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар? (Кесе, шай)
12. Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып - тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ. (Қымыз, саба, піспек)
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Е -қор жұрнағы: еңбек-қор, т.б.-паз жұрнағы: өнер-паз, т.б.-қой жұрнағы: әзіл-қой, т.б.-нікі (-дікі, -тікі) жұрнағы: Жамбыл-дікі, т.б.-тай, -тал, -еке жұрнақтары: Ер-тай, өсім-тал, бас-еке, т.б.-кер, -гер жұрнақтары: борышкер, мұра-гер, т.б.-хана жұрнағы: ем-хана, т.б.-күнем жұрнағы: пайда-күнем, т.б.-ов, -ев, -ева, -ова, -ин, -ист, -изм. Сәбитов, Балғабаева, Салғарин, машинист, т.б.Бірнеше түбірден біріккен сөздерде, өзге тілден енген кірме сөздерде аралас буындаркездесуі мүмкін. Мысалы: Екібастұз, Көкшетау, мейірбан, геолог, т.б.2.Оқылым мәтініндегі буын үндестігі заңдылықтарын көрсетіп, дәптерге жазыңдар.Үлгі:Жуан буынды сөздердариясына, ...Жіңішке буынды сөздербетіндегі, ...Аралас буынды сөздерқыстыгүні, ..3.Сөйлемдерден ерін үндестігіне сай айтылатын сөздерді тауып, орфоэпиясы бойыншажазыңдар.Үлгі: жузіне - жузуне, ..Күн қатты ысыған кезде су буланады. Көк жүзіне судың көзге көрінбесбуы жеңіл ауамен жоғары көтеріледі. Күн салқындағанда ауаның Жер бетінежақын орналасқан ең төменгі қабатындағы бу бұрынғы мөлшерін ұстай алмайөте майда, ылғал түйіршіктеріне айналады. Содан тұман буы пайда болады.Тыңдалым және айтылым (1)