medvik
?>

. Күнгей Алатауының аңғарында табиғи жағдайда пайда болған көрікті үш тау көлі – Төменгі Көлсай (Саты), Орта Көлсай (Мыңжылқы) және Жоғарғы Көлсай орналасқан.Ең терең көл – Төменгі Көлсайдың тереңдігі 80 метрге жетеді. Суы мөлдір де айнадай. Таңертеңгі уақытта көл бетіне таулар мен аспанның сәулесі түседі… Осынау күн сәулесімен жылтылдай құбылатын көрікті көріністерді сағаттар бойы сүйсіне қарап отыруға болады. Су астындағы өсімдіктер де айрықша жарқырап көзге шалынады. Тап-таза көл суынан кемпірқосақ түсті ханбалықты оңай көруге болады. Төменгі Көлсай көлі теңіз деңгейінен 1818 метр биікте жатыр.Таудың арғы жағында 2850 метрлік биікте ең биік көл – Жоғарғы Көлсай орналасқан. Бұл – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі үш көлдің ішіндегі ең кішкентайы, ең таязы және ең суығы. Бұған су тұп-тура мұздақтардан кеп қосылады. Жартасты жағалауларға бұталар мен тау гүлдері көрік береді. Ал Тянь-Шань шыршалары бұл арада онша көп емес. Төменгі Көлсайдан Жоғарғы Көлсайға дейін тау ішімен 16 километр жүріп өтуге әркімнің шамасы жетпейді. Тап осы жерден экстримал-туристер Сарыбұлақ асуы арқылы Ыстықкөлге жаяу аттанады…Жоғарғы Көлсайдан өзен ағып шығады да Ортаңғы Көлсайды (Мыңжылқыны) мұздақ суымен қоректендіреді. Ортаңғы Көлсай теңіз деңгейінен 2252 метр жоғарыда орналасқан. Ортаңғы Көлсайдың тереңдігі 50 метрге жетеді. Бұл – үш көлдің ішіндегі ең үлкені. Оның сыртқы түрі жүрекке ұқсас. Бұнда Тянь-Шань шыршалары патшалық құрған. Жағалауда жеміс-жидекті бұталар көп. Ауаға қылқан жапырақтылардың хош иісі мен тау салқындығы сіңген. Жан баспаған пәк табиғат жолаушыны шаттыққа бөлеп, еліктіре түседі. Көлсай өзендерінің аңғарымен бірінші көлге қайта ораламыз.Жер жәннаты атанған Жетісудың тамаша табиғаты туралы әңгіме бола қалғанда, көпшілік қауымның «Көлсай көлін айтсаңшы, табиғаты қандай ғажап?!.» деп таңдана таңдай қағатыны ақиқат. ​

Казахский язык

Ответы

buleckovd8724

Қазақстанның ауа райы

Aleksei368

Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]

Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.

Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады

irinalav2705745
 Манас пен манасшылар
 Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың-поэзияның асыл маржанынан соғылған мұнарасы МАНАС ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді. Манасшылар сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы, ойнаушы, қимыл-әрекет суретшісі, қомызшы, сазгер-бәрін кереметтей басын қосқан өлшеусіз талант иелері болған. Ең ғажабы- әлденеше айлар бойына айтылатын бұл ұзақ хикаяларды еш шатастырмай миында, зердесінде ұстау қасиеті.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

. Күнгей Алатауының аңғарында табиғи жағдайда пайда болған көрікті үш тау көлі – Төменгі Көлсай (Саты), Орта Көлсай (Мыңжылқы) және Жоғарғы Көлсай орналасқан.Ең терең көл – Төменгі Көлсайдың тереңдігі 80 метрге жетеді. Суы мөлдір де айнадай. Таңертеңгі уақытта көл бетіне таулар мен аспанның сәулесі түседі… Осынау күн сәулесімен жылтылдай құбылатын көрікті көріністерді сағаттар бойы сүйсіне қарап отыруға болады. Су астындағы өсімдіктер де айрықша жарқырап көзге шалынады. Тап-таза көл суынан кемпірқосақ түсті ханбалықты оңай көруге болады. Төменгі Көлсай көлі теңіз деңгейінен 1818 метр биікте жатыр.Таудың арғы жағында 2850 метрлік биікте ең биік көл – Жоғарғы Көлсай орналасқан. Бұл – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі үш көлдің ішіндегі ең кішкентайы, ең таязы және ең суығы. Бұған су тұп-тура мұздақтардан кеп қосылады. Жартасты жағалауларға бұталар мен тау гүлдері көрік береді. Ал Тянь-Шань шыршалары бұл арада онша көп емес. Төменгі Көлсайдан Жоғарғы Көлсайға дейін тау ішімен 16 километр жүріп өтуге әркімнің шамасы жетпейді. Тап осы жерден экстримал-туристер Сарыбұлақ асуы арқылы Ыстықкөлге жаяу аттанады…Жоғарғы Көлсайдан өзен ағып шығады да Ортаңғы Көлсайды (Мыңжылқыны) мұздақ суымен қоректендіреді. Ортаңғы Көлсай теңіз деңгейінен 2252 метр жоғарыда орналасқан. Ортаңғы Көлсайдың тереңдігі 50 метрге жетеді. Бұл – үш көлдің ішіндегі ең үлкені. Оның сыртқы түрі жүрекке ұқсас. Бұнда Тянь-Шань шыршалары патшалық құрған. Жағалауда жеміс-жидекті бұталар көп. Ауаға қылқан жапырақтылардың хош иісі мен тау салқындығы сіңген. Жан баспаған пәк табиғат жолаушыны шаттыққа бөлеп, еліктіре түседі. Көлсай өзендерінің аңғарымен бірінші көлге қайта ораламыз.Жер жәннаты атанған Жетісудың тамаша табиғаты туралы әңгіме бола қалғанда, көпшілік қауымның «Көлсай көлін айтсаңшы, табиғаты қандай ғажап?!.» деп таңдана таңдай қағатыны ақиқат. ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

bksenia9775
Корягина
komplekt7
Vladimirovich58
bezzfamilny631
maksimforyou20
olgalooo
игнатова_Сергей1228
zaotar2008
alex-kuzora4411
denchiklo2299667
prianik6
Гарик383
Yelizaveta555
ulyana-d
▲