Материал туралы қысқаша түсінік
Прозалық шығармаларды сатылай кешенді талдау. (5 сынып). Арналған бағдарламаБілім берудің түрлері мен әдістерін жаңартудың мақсаты - әр оқушының шығармашалық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын білуге, жалпы ұлттық мәденитке баулу болып табылады. Біз, ұстаздар қауымы, болашақ ұрпақтарымызды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелегіміз келсе, бар күшімізді мектепте білім сапасын арттыру үшін жұмсауымыз керек. Ол үшін жаңа технологиялар мен әдістер әбден қажет.
«Зар заман» деп аталған кезеңнің ең көрнекті ақыны
Кіріспе
Шортанбай Қанайұлы — XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірі. Оның мұрасы күні бүгінге дейін жұртшылыққа жаңсақ немесе жадағай ұғындырылып келді. Бұл түсінікті де. Данышпан жыраудың сөздері елдігінен, мемлекеттік жүйесінен айырылып, отарлық халге түскен арада жұрттың ащы зары, өшпес өкініші, арман-мұратынан нəр алған еді.
Қазақ Совет энциклопедиясының 4-томында: «Зар заман» — XIX ғасырда Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталып, патша үкіметі бұрынғы ел басқару тəртібін жойып, 1867–1868 жылдары қазақтарды басқару жөніндегі ереже бойынша жаңа тəртіп орнатқан кезде туған ағым. Алғаш... ақын Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» атты зарлы өлең шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін де сол кезеңде басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды» [1], — деп көрсетілген.
Шортанбай жырау өзіне дейінгі Бұқар, Тəттіқара, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Өмірінің дені Арқа өңірінде өткен ол Жанғұтты шешенмен достық қарым-қатынаста болып, сыйластықпен ғұмыр кешкен.
Шортанбай шығармаларының зерттелуі
Жыраудан қалған əдеби мұраның кейбір нұсқалары XIX ғасырдың екінші жартысында жекелеген кітап түрінде де, əр түрлі қолжазбалар арқылы да, ауызша да кеңінен таралады. Ақын мұрасын жинастыру ісіне В.Радлов сияқты ұлы ғалым, Н.Коншин сияқты білімдар адвокат — орыс халқының парасатты, зиялы ұлдары айрықша мəн береді. Оның қазақ халқының сөз өнерінде, рухани өмірінде алатын орнын анық бағамдайды.
XIX ғасырдағы алдыңғы қатарлы озық ойлы еуропа оқымыстылары қазақ халқының шешендік сөздері мен əн өлеңдерін, тұрмыс-салт жырлары мен тарихи дастандарын ел арасынан жазып алып, оны орысша, қазақша үлгіде Петербор, Қазан, Уфа, Омбы, Орынбор, Орал, Астрахан, Ташкент, Семей қалаларында жариялап отырған. Мəселен, 1866–1907 жылдары Петербор Академиясының академигі В.В.Радлов қазақ халық əдебиетінің негізінде 10 томдық жинақ шығарады. Соның «Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи. Часть 3. Киргизское наречие» деген 3-томы 1870 жылы Петербор қаласында шықты. Кітапқа қазақ ертегілері, қиссалар, батырлар жыры, қара өлең, айтыстар, жоқтау, толғаулар енгізілген. Соның
«Айтыс» деген тарауында Жанақ пен Түбектің, Ұлбике мен Күдері қожаның, Шортанбай мен Орынбайдың айтыстары жəне оның «Зар заман» атты өлеңі жарияланған.
Кезінде атақты фольклорист-оқымысты Г.Н.Потанин да Сырымбет деген жерде Шортанбай мен Шөженің айтысын жыршылардан жазып алған. Ол айтыстың бір үзіндісін өзінің белгілі еңбегінде («О казак-киргизских преданиях») жариялаған.
1883 жылы Ташкент қаласында «Киргизская хрестоматия. Сборник образцов народной литературы киргиз Туркестанского края» деген жинақ шықты. Оны құрастырған белгілі ғалым Я.Я.Лютшь. Аталған жинақта Түркістан, Шымкент, Əулиеата қазақтарының мақал-мəтелдері, терме өлеңдері, Айдос батыр, Болық пен Əзілкештің айтысы жəне Шортанбайдың «Зар заман» деген өлеңі басылды.
Өлең-сөздің асқан шебері Шортанбайдың бірінші кітабы 1888 жылы Татарстанның астанасы Қазан қаласында «Қисса-и Шортанбай. Шортанбайдың бала зары» деген атпен 19 бет болып жарыққа шықты. XIX ғасырда Қазан қаласында қазақ жəне шығыс елдерінің кітаптарын басатын 13 баспахана болған. Ол баспаханалар екіге бөлінген: қазыналық жəне жекеменшіктік. Мысалы, «Университет баспаханасы» қазыналық меншікке бағынған. Онда университеттің оқу ісіне қажетті оқу құралдары мен тарихи маңызы зор көркем əдебиеттер басылған. Міне, осы өте беделді баспахана 1890, 1901, 1906 жылдары қазақ ақыны Шортанбайдың жоғарыда аталған кітабын үш рет жариялаған.
Сөйтіп, Шортанбай шығармалары XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында екі жолмен ел арасына кең тараған: біріншісі — ауызша, екіншісі — жазбаша.
Социализм дəуірінде шортанбайтану XX ғасырдың 30 жылдарынан басталады. Мəселен, 1931 жылы жазушы-фольклорист С.Сейфуллиннің құрастыруымен «Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары» деген еңбегі шықты. Сонда «Шортанбайдың бала зары», «Тар заман» атты толғаулары жарияланды.
1933 жылы жарияланған М.Əуезовтың, М.Жолдыбаевтың, Ə.Қоңыратбаевтың «XIX–XX ғасырлардағы қазақ əдебиеті» деген кітапта ақынның əлеуметтік өлеңдерінің идеялық мазмұны аталды, некен-саяқ кемшіліктері сыналды.
1942 жылы жарыққа шыққан С.Мұқановтың «Қазақтың XVIII–XIX ғасырлардағы əдебиетінің очерктері» деген оқу құралында Шортанбай Қанайұлы реалист ақын, заманының ірі суретшісі, қырағы ақыны деп бағаланады.
Қырқыншы жылдардың басында Қазақстан Республикасының орта мектептерінде Шортанбайдың өмірі мен ақындық өнері арнаулы сабақ ретінде өткізілді. Мысалы, 1940 жылы Сəбит Мұқановтың құрастыруымен 8-ші сыныпқа арналған хрестоматия-оқулықта халық əдебиетінің ірі классиктері деп Шортанбай, Бұқар жырау, Дулат, Сүйінбай, Мұрат, Шернияз, Махамбет, Досқожа аталады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Неге жер бетіндегі заттың бәрі булдыр арасына көмескі, күңгірт көрінеді?
Өйткені жердің бəрі тұман болып тұр