-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырма ҚОРҚЫТ КІМ?ӨМІР СҮРГЕН ЖЕРІ?БОЙЫНДАҒЫ ҮШ ҚАСИЕТІҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫНЫҢ НЕШЕ НҰСҚАСЫ САҚТАЛҒАН, ҚАЙДА САҚТАЛҒАН?Қорқыт ата кітабы неше жырдан тұрады
Қорқыт ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы болған.
Қорқыт ата VII ғасырда Сырдария өзенінің бойындағы бұрынғы Жанкент қаласында өмір сүрген.
Ол кітапта әсіресе огуздардың жер үшін соғысы туралы жазылған.
Бүл кітап 2018 жылы, Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан атынан мәдениет және рухани жаңғырту ЮНЕСКО тізіміне еңгізілген