kashihina
?>

7тапсырма. Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер. Мәтіндегі дерексіз зат есімдерді тап. 1. Мәтіннің кейіпкері - кім? 2. Оның анасы, әкесі - кім? 3. Олар «Отбасы күнінде» не істед

Казахский язык

Ответы

korchags19983941

менің бір досым бар оның есімі айдана. оның анасы Зере тәтей ол өте мейірімді.Әкесінің есімі Жомарт апай.ол сондай жомарт адам.Олар отбасы күнінде бірігіп ас ішеді.олар бақытты отбасы

MikhailSvetlana

Қысқаша әңгіме:Шырақтың ерлігі - парсы - сақ соғыстары кезіндегі батыл сақ малшысының парсы әскерін айлалығымен жеңуі.

Объяснение:

Көлемді әңгіме:Б.д.д 520 жылы парсы патшасы Дарий Ы жеті жүз мың әскер жинап, Скифияға жорыққа аттанады. Ол жүз жыл бұрын Мидияға басып кіргендері үшін скифтерден кек алмаққа бекінеді. Шын мәнінде, парсы патшасы Азияны ғана емес, Еуропаны да бағындыруды ойлады: ол скифтерді талқандап, Грекия бидай алатын Қара теңіз жазираларын қолға түсірмекші болды. Дарийдің бұл жерлерді басып алуды көксеген себебі - Грекияны скифтердің қолдауынан айыру еді. Бірақ бұл жорықта оның жолы болмады. Дарийдің сәтсіз жорығы мен соған қатысты Шырақтың ерлігі жайында бізге Геродот, Страбон мен Полиэн баян етеді. Геттердің шөл даласы - тұтастай сусыз жазық медиен. Осында Гистасптың ұлы Дарий Истрден өткен соң өзінің бүкіл әскерімен шөлден қырылу қаупіне ұшырап, арандап қалады. Алайда, патша кеш те болса қатерді аңғарып, кері бұрылады. Олар өз жасақтарының бірін скифтерше киіндіріп, Скунха (Скун хасақ) патша басқарған скиф әскеріне жақындап келеді де, мұндай зымияндықты күтпеген далалықтардың абыржуын пайдаланып, оларды тас-талқан етеді.

Шырақ деген бақташы Еділ (Итиль - Волга) өзенінің бойында жылқы бағып жүреді. Парсылармен соғыстың нағыз қызып, жау скиф жеріне сұғына ендеп кірген шағында ол Омар, Тамыр және Сакесфар патшаларға келіп, былай дейді:

- Қазір біз елсіз әрі сусыз шөл даланың шетінде тұрмыз. Артымыздан өзінің жер қайысқан әскерімен Дарий келе жатыр. Егер осы бетте соңымыздан еліктіріп ертіп тура жүре берсек, оларды шөлдің қақ ортасына шейін апарып, сеспей қатыруға болар еді. Өмір адамаға бір-ақ рет беріледі, күндердің күнінде, бәрібір, әйтеуір ажал алмай қоймайды. Ендеше, келешек ұрпақ сені туған жерің үшін, өзіңнің халқың үшін өмірін қиған адам ретінде есте сақтайтындай етіп өлген жақсы емес пе! Мен өз борышымды өтеймін. Бірақ сендерге айтар өтінішім де бар: мен өлгеннен кейін балаларыма қамқор болыңдар, олар ештеңеден мұқтаждық көрмесін, жетімдік тақсіретін сезінбесін. - Шырақ! - деп жауап берді скиф патшалары. Сен осы далада өмір бойы жылқы бақтың, мұндағы әрбір шұқанақты білесің. Біз балаларыңды қамқорлыққа алуға уәде береміз. Олар жетімдік көрмей, өмір бақи арғымақ ат мініп жүретін болады. Олардың бастарына, тіпті, құс қанатының да көлеңкесі түспейді! - Ал енді, - деді Шырақ, - мені қидалап-кескілеңдер, бетімді өне бойымды сау жер қалдырмай тілім-тілім етіңдер, құлақтарымды кесіп құнтитыңдар, мұрнымды кесіп шұнтитыңдар. Сөйтіп, жарақаттап, ит-қор етіп, парсылардың жолына лақтырып тастаңдар. Әйтпесе, олар маған сенбейді! Бірақ скифтердің батырға зақым жасауға батылдары бармады. Сонда ол өз пышағымен бетін, бүкіл денесін кескілеп тастайды. Сөйтіп, көп ұзамай парсыларға қанға боялған күйінде жолығады. Парсыларды көрген бойда Шырақ айқай салды: - Құтқарыңдар мені! Қараңдар олардың маған не істегенін! Қайткенде есемді қайтаруым керек. Мен сендерді айналма жолдармен алып жұріп, скиф әскерінің ту сыртынан шығарамын. Мені қорлап- жәбірлегені үшін олардан қалай да кегімді аламын! Сөйтіп, Шырақ парсылардың сеніміне кіріп, оларды шөл даланың шалғай түкпіріне бастай жөнеледі. -Төңіректегі құдықтар түгел уланған, шөбі өртелген, - деді Шырақ парсыларға. - Бұл жерлерде су жоқ. Біз келе жатқан жол - жалғыз жол. Мұны тек мен ғана білемін. Олар осылай жеті күн, жеті түн жүрді. Дарийдің сарбаздары шөл мен аптап ыстықтан ауырып, өле бастады. Ақыры патшаның сабыры таусылды. Оның Ранасбат деген сардары семсерін ала Шыраққа ұмтылды. - Уа, жеңіс деген осы! - деп шаттана дауыстады Шырақ. - Мен өзімнің ата-бабаларымның жерін жаулап алғысы келген парсы патшасы Дарийдің әскерін жалғыз өзім жеңдім. Сендерді жан-жақтарыңнан елсіз, сусыз ен дала, қу медиен қоршап тұр, қай жаққа жүрсеңдер де мейілдерің, еш жерден елді де, суды да таппайсыңдар. Шөлден шығу үшін жеті күн жол жүру керек. Ал мен кіндігімді кескен туған жерімде қаным төгілетіні үшін және сүйегім осы арада жерленетіні үшін бақыттымын! Ашу кернеген Ранасбат семсерін сермеп қалды. Шырақ туған жердің құмын құшақтай құлады. Бақташының құлақ естімеген қылығы, жан тітіреткен ерлігі парсыларды қатты сескендірді. Олардың бойын үрей биледі. Қайда барарларын, не істерлерін, қалай жан сақтарларын білмей дағдарды. Қырғыннан құтылатын жол жоқтай көрінді. Бақташы Шырақтың парсыларға құрған осы қақпанында жау қолының тең жартысы ажал құшты. Қалған жартысы асығыс арттарындағы скиф сахарасында оралды, Истр өзеніндегі көпірден өтіп, өз елдеріне безе қашты. Сөйтіп, жеңіс іздеп келген жаудың қаншасы қу медиен, құла дүзде қаталап өлді, қаншасы құм астында жатып қалды! Ал Шырақтың есімі, оның ерлігі туған жерді қорғау жолындағы, бостандық жолындағы қаһармандық пен жанқиярлықтың үлгісі ретінде ғасырлар бойы өшпей жасап келеді!

zakaz6354

Объяснение:

Оқиғаның басталуы – Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, Директормен әңгіме.

Оқиғаның дамуы – аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы

Оқиғадағы шиеленіс – Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.

Шарықтау шегі – Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытта сұрап, жаттығуға асығуы.

Оқиғаның шешімі – Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағыттаулы.

Шығарамадағы кейіпкердің бейнесі:

Жағымды– Манап, Қали

Жағымсыз кейіпкерлер жоқ десе болады.

Тәрбиелік мәні: Оқырманды жетімдер тағдырына қайырымдылықпен қарауға тәрбиелейді, бауырға деген мейірімділік сезімі

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

7тапсырма. Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер. Мәтіндегі дерексіз зат есімдерді тап. 1. Мәтіннің кейіпкері - кім? 2. Оның анасы, әкесі - кім? 3. Олар «Отбасы күнінде» не істед
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

flerbuket332
rmitin
okabankova7
infocenterbla
Кононова-БЕСКРОВНАЯ
gumirovane2294
Yanusik24
sveta1308
alexderru
ekattatarenko
Нозадзе_Новиков392
Владислав893
kristinagaspa62
Malenyuk
Manyaya