ответ:Ана тілі — белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл.
Этникалық тегі географиялық қоныстану аумағы, шаруашылық жүргізу тәсілдері ортақ адамдар қауымы мен мүшелерінің ана тілі арқылы ортақ дүниетанымы, ұғым-түсінігі, мінез-құлқы, наным-сенімі, сезіну қасиеттері – бір сөзбен айтқанда, ұлттық ділі қалыптасады. «Ана тілі» ұғымы не оған жақын түсінік барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі», т.б.) атала береді. Қазақ этносының дәстүрі бойынша, шыр етіп дүниеге келген нәрестенің құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы мен барша болмысына дарып, адамға ғана сыйланатын құдіретті күш – тілге ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, «ана тілі» аталып кеткен. Қазақ тіл білімінде ана тілі терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген Ахмет Байтұрсынұлы. Қазіргі уақытта (1998) қазақ халқының үштен бірі, яғни 4 млн-ға жуығы, Қазақстаннан тыс (Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, т.б.)[1] жерлерде диаспора болып отыр. Бұл топтар қандай тілдік ортада (қытай, ұйғыр, моңғол, пүштүн, парсы, түрік, өзбек, орыс, қырғыз, түрікмен, т.б.) өмір сүрсе де, ол тілдердің қанша әсері болса да қазақ тілі олар үшін ана тілі болып саналады. Қазақ диаспорасы үшін ана тілінің сақталу, сақталмауы, қолданыс аясының кең, тарлығы, сайып келгенде, олар тұратын мемлекеттердегі тіл саясатына, тілдік ортаға, диаспораның шоғырланып немесе шашыранды түрде орналасуына, сондай-ақ ана тілін қайткен күнде де сақтап қалуға деген саналы әрекетіне де тікелей байланысты. Әрбір азаматтың ана тілін қастерлеуі оның мемлекеттің биік мәртебесіне қатысты қоғамдық көзқарас пен қамқорлыққа да тікелей байланысты. Сондықтан әркімнің өз ана тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық абзал парызын ақтау, сол арқылы елдің елдігін сақтау болып саналады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оқылым мәтініндегі морфологиялық ұстаным бойынша жасалған күрделі сөз бен сөз тіркестерін жазыңдар
ответ:Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (1692–1770) – қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Найман тайпасы ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожақұл батыр жау қолынан қаза тауып, артынан Есенаман, Есенбай, Ерасыл атты үш ұл қалған. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Ағасы Есенбайдың кегін алу үшін іргелес Тоқта тауын жайлаған қалмақ күреніне жалғыз өзі аттанып, құныкер Өлжа жырғал ноянды қапысын тауып өлтірген. Міне сол күннен бастап қазақ жері қашан жаудан тазарғанша қылышын қынабына салмаған. Осыдан кейін Ерасыл 5–6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болған. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған. Оның алғашқы қатысқан ауқымды соғыстарының бірі — 1718 жылғы Аягөз шайқасы. Осы ұрыста Найман қолын басқарған Қабанбай асқан ерлігімен көзге түскен. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналған. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «дарабоз» атанған. 1751 жылы Арқадан екі түмен қолмен Оңтүстік Қазақстанға Қабанбай — Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалған. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алып, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектескен. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалған. 1752–1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде 2 бағытта шабуылға шыққан. Күнгейдегі әскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарында қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті. Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысқан. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласқан. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан. Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берген. Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап, қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған. Қабанбайдың 2 әйелінен жеті ұл туған. Қабанбайдың Үмбетей, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды «Жеті Қабанбай» деп атаған. Осының Әлісі жоңғардың соңғы ханы Әмірсананың Мәней деген қызына үйленіп, одан бес перзент көреді. Оларды шешесінің атымен «Бес Мәней» дейді. Батырдың ұрпақтары бұл күнде Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл, Нұра бойын қоныс еткен. Бұл өңірдің 1728–1762 жылдар аралығында батырдың да құтты мекені болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін Қаракерей Қабанбайдың денесі осы ата мекеніне әкеп жерленген көрінеді.
Объяснение: