Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мақсаты: 9.2.1.1 берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мəтіндер құрау;9.5.1.1 өздік етістің қызметін білу, ауызша жəне жазба жұмыстарда орынды қолдану.А) Ұйымдастыру. Сыныппен амандасу. Жаңа оқу жылымен құттықтау.1.Сыныптың психологиялық атмосферасын қалыптастырып, «Өзіңе тілегенді өзгеге тіле»əдісі арқылы оқушыларға сабаққа сəттілік тілеу.Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. ответить на вопросы устно1.Адамзат тарихында жазу мəдениеті қай дəуірде басталған?2.Қандай көне жазуларды білесің?3.Алғашқы жазбалар қандай құралдарға жазылған?Б) Сөздікпен жұмыс. Найдите перевод слов.Пəн лексикасы жəне терминология:Күрделі құрама атаулар, бас əріп, жалқы есім, анықтау, көшіру.өмір - ғұмырірі - зорескерткіш - құлпытаскөне - ескіаймақ - өлкесалт – дəстүр , Оқылым. Жазылым.7- тапсырма. 6-7 бет. Мəтінді оқып, стилін анықта. Қою əріппен жазылған сөздер бойыншасөздік жұмысын жаса. Прочитайте текст. С выделенными словами составьте словосочетание.
Денсаулық - зор байлық.
Адам өміріндегі басты құндылық - денсаулық екені баршамызға аян. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.
Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?
Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.