sargisyan
?>

14. Тірек сөздерді пайдаланып, «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында монолог құрап жаз.Тірек сөздер: мен, тәуелсіз ел, ұланы, Қазақстан, 1991 жыл, төуелсіздік, ата-баба арманы, Елбасы, бақытты балалықшақ, әлемге танылу.​

Казахский язык

Ответы

ikhilovb76

Объяснение:

Қорытынды бөлім.

Жаса, жайна, Қазақстаным!

Бізге азаттық азаппен , арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз.

Н.Ә. Назарбаев

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата — бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.

Түп жежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргел іел, жоралы жұрт, салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркндіксүйгіш жігерінің , асқақ рухының арқасы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бұл далада халқымыз үш ғасырдай бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашан да бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Дүние жүзіндегі халықтардың ортақ ойы, арманы- бостандық, тәуелсіздік

XVIII – XIX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Халқымыздың басынан қара бұлт серпілмеді.

Дос та іздедем жау тисе болысатын,

Қыс қыстатып, жаз бірге қоныстанатын.

Еділ,Жайық,Ертісті жағаладым,

Үміт көрдім құдіретті Ресей атын,

Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты.XX ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына «Жігіт бермейміз» деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшырады. Қаншасы өз жерінде қырғын көрді.

1917 жылдан кейін де қуғыншылыққа ұшырап, мыңдаған жандар ата –жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932 – 1933 жылдарда болған адам айтса нанағысыз ашаршылықта 9 миллиондай халықтың жартысына жуығы опат болды. Зиялы қауымды қынадай қырған 1937 – 1938 жылдар…

1941 – 1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекшк ерлік көрсетті.

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

Осы жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі елді «Тәуелсіз, демократиялық және құқылы мемлекет» деп жарияланды.

Талай нәубетті басынан өткерген халық үшін азаттықтың, бостандықтың өзі баға жетпес байлық екені сөзсіз.

Қазақ елін бір тудың астына жинап, біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқайұлы. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман — тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.

Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным, деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл — ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

Ендеше, қазақ халқы, барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздік алуымыздың өзі үлкен жетістік деп білемін, яғни дербес мемлекетте өмір сүріп отырған ұрпақ шын мәнінде бақытты деп ойлаймын. 23 жыл тарих бедерінде көп уақыт емес. Бірақ бұл жылдардағы Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін аз деп айта алмаймыз. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз өркендеп келеді. Бүгінде еліміз тыныш, жұртымыз аман. Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында халқымыз үшін маңызды мәселелеріне көңіл бөліп, олардың орындалуына баса назар аударуда. «Орнында бар оңалар» демекші, еліміз, жеріміз орнында. Жерімізге жетер байлық жоқ. Батырларымыздың арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып дүние жүзіне танылды. Осындай қасиетті мекенде, керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байраағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

dionissia2

Көлдер және бөгендер

Қазақстанның кең - байтақ аумағында ірілі - ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Жайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық - ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар.

Femida76

Объяснение:

Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар а ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексерту үшін олар алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.

Ең алғашқы ғарышқа ұшырыған жәндіктерге жеміс шіркейлері жатады. Оларды 1947 жылы V-2 зымыраны бортында ұшырды. Зымыран шіркейлерді жүгерісі бар қораппен бірге алып ұшты. Бұл тәжірибенің мақсаты жоғары биіктіктегі радиацияның шіркейлерге әсерін тексеру болды.

Альберт 1 мен 2 – ғарышқа ұшырылған екі макака маймыл. Альберт1 1948 жылдың 11 маусымында ұшырылды. Ол Нью-Мехикодағы Аққұмадрдан "V-2 Блоссом" зымыраны бортында ұшырылды. Ол ұшу кезінде тірі қалып, Жерге түскенде соққы әсерінен өлді. Альберт-4 1949 жылдың 12 желтоқсанында ұшырылды. Бұл ең алғашқы сәтті ұшу болып, маймылға ешқандай зиян келген жоқ. Бірақ Альберт-4 соққы әсерінен өлді.

Содан бастап адамдар ұша бастады ғарышқа.

Банағы бала мен барының астын номер жазып кеткен

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

14. Тірек сөздерді пайдаланып, «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында монолог құрап жаз.Тірек сөздер: мен, тәуелсіз ел, ұланы, Қазақстан, 1991 жыл, төуелсіздік, ата-баба арманы, Елбасы, бақытты балалықшақ, әлемге танылу.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*